АТАҚҚҰМАРЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ
Бәріміз де пендеміз. Сондықтан, кез – келген істе пендешілік болмай тұрмайды. Бұл көп жағдайда тұрмысты түзетуге, ел қатарлы өмір сүруге талпыныстан туындап жататыны да бар. Сондай сәтте пендешілікке ұрынғанымызды аңғармай да қалуымыз мүмкін.
Ал, мен айтқалы отырған атаққұмарлықтың арғы жағында мансап, лауазым жатыр. Оған қол жеткізіп алғандардың марапат дәметіп иегі қышитын жаман, тағы бар. Біздің қоғамда осы атаққұмарлық ауруы дендеп барады.
Келіссеңіз де, келіспесеңіз де, ащы шындық – осы.
Өткеннің бәрі жаман емес. Кешегі кеңес заманының да жақсы жақтары болған. Онда еңбек лайықты бағаланатын. Адамдар қоғамға сіңірген еңбегіне қарай құрметті атақтарға ие болып, орден - медальдарымен марапатталып жатушы еді. Әсіресе, еңбек адамдарына құрмет жоғары болатын. Мысалы, заманында мен өмір сүріп, еңбек еткен Үшарал ауылында ондаған адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жүздеген адам орден - медальдармен марапатталған. Солардың басым көпшілігі еңбек адамдары болатын. Олар – еңбектері лайықты бағаланғандар.
Әлеуметтік сала қызметкерлері де марапаттан құр қалған жоқ. Мысалы, мектеп директоры Ермек Дүрімбетовті алайық. Ол кісі – Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Ұлағатты ұстаздың педагогикадағы қызметі лайықты бағаланып, «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерін омырауға тақты. Мектепте «Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алғандар да бар - тын. Бірақ, олар санаулы ғана және сіңірген еңбегіне қарай.
Қазір қоғамда «Құрметті» атақтар көбейіп кетті. Жас та, жасамыс та алып жатыр. Сіңірген еңбектеріне қарай болса, бір сәрі ғой, солардың кейбіреулері сол марапатқа лайық емес сыңайлы. Естіген құлақта жазық жоқ, «кейбіреулер марапатты сұрап алады екен», «құрметті атақтар мен төсбелгілер саудаға айналып кетті» деген де сыбыс бар. Ондай болса, ұят - ақ!
Атақты, марапатты сұрап немес сатып алғандар қоғамға қызмет қылып жарытпайды. Мен осыны айтқым келеді. Бұл пікіріме көпшілік қосылатынына сенімдімін. «Осы аурудан арылайықшы» деген жанашырлық ниетпен айтып отырмын.
Серікбай ӘБДІҰЛЫ,
ардагер ұстаз.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)