АЛАҢДА – АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР
Байзақ ауданындағы Түймекент ауылында ардагер волейболшыдар арасында өмірден өткен соғыс және еңбек ардагерлерін, сондай - ақ, Кеңес заманында алдыңғы қатарда болған «Трудовой пахарь» ұжымшарын 20 жыл басқарған білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері А.Л.Нахмановичті еске түсіруге арналған турнир болып өтті. Жарысты «Өлі риза болмай, тірі байымайды» қағидасын ұстанған осы ауылдан шыққан кәсіпкерлер ұйымдастырған. Дүбірлі доп додасында алты команда – Тараз қаласы, Бурыл және Түймекент ауылдары, Талас, Шу, Жамбыл аудандарының командалары екі топта күш сынасты.
Турнирдің ашылу салтанатында ауылдық округ әкімі Жомарт Мұхамеджанов сөз сөйлеп, бұл жарыстың салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын айтып, бәсекеге қатысушыларға табыс тіледі.
Ақтық бәсекеде жақсы ойын өрнегін көрсеткен Жамбыл ауданының командасы бас жүлдеге ие болып, арнайы тағайындалған кубок, Диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екінші, үшінші орындарды Бурыл мен Тараз командалары бөлісті. Олар да тиісті кубок, Диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Турнирде «Бұрымды ару ойыншы» аталымы бойынша Диплом мен ақшалай сыйлық Бурыл командасының ойыншысы Құндыз Қуанышеваға бұйырды.Ал, «Ең жасы үлкен және техникалық ойын үлгісін көрсеткен ойыншы» аталымының жүлдесі – Диплом мен ақшалай сыйлықты Тараз қаласы командасының капитаны Сейдахмет Туғанбаев қанжығасына байланды. «Жарыстың ең үздік ойыншысы» аталымы бойынша арнайы сыйлық пен Диплом – Жамбыл ауданы командасының ойыншысы Рахым Құлниязовтың еншісінде.
Жарыс қорытындысында Түймекент ауылдық округі ақсақалы Ниязхан Бейсенов сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады. Ол, жасының ұлғайғанына қарамастан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген ардагер - спортшыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да жастарға үлгі - өнеге көрсете берулеріне тілектестігін білдірді. Жарысты ұйымдастырушылар ендігі жерде бұл турнир жыл сайын өткізілетінін жария етті.
Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушыларға қонақ асы беріліп, аруақтарға құран бағышталды.

Нарынбек ОҢЛАБЕКОВ,
еңбек ардагері.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)