Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Туған жерге туыңды тік

Туған жерге туыңды тік

10 ноябрь 2021, Среда
150
0
Қазақ халқында қолда барын өзгемен бөлісу, көмек қолын созу, жомарттық таныту игі қасиет болып саналады. Ғасырлар бойы қазақ даласында жалғасып келе жатқан осынау дәстүрдің желісі үзілмей, бүгінгі күнге жетіп отырғанының дәлелі Ақжар ауылында көрініс тауыпты. 
Түймекент ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінен шыққан белгілі азаматтар  қазіргі кезде ауылдың гүлденуі мен дамуына өздерінің үлестерін қосып келеді. Ауыл азаматтары ұйымдасып елге, жерге деген перзенттік пейілдерін істерімен көрсетті. Туған жерге ту тігуді мақсат еткен ауылдан шыққан атпал азаматтар мен ауыл тұрғындары бірлесе отырып, өз қаражаттарына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап "Ардагерлер аллеясын" ашты. Ауылдан осындай нысанның салынғанына жергілікті тұрғындар да дән риза. Ал, ауылдан шыққан атымтай жомарт азаматтар бұл жұмыстарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту деп санайды.
Алдымен тұрғындар сұранысы бойынша елді мекендегі Сәкен Сейфуллин атындағы көше бойында орналасқан ауылдық мешіт жанынан Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне арналған аллеяны салу үшін жалпы аумағы 0,67 гектар жер бөлінді. Оның жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға  Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан 3 миллион 676 мың  теңге жұмсалып, құрылыс жұмыстарына 2020 жылға арналған бюджеттен қаржы қарастырылды. Игі бастама ауыл азаматтарының демеушілігі арқасында жанданып сала берді. Туған жердің абыройын арттырған  тұғырлы тұлғалардың есімдерін жас ұрпақтың жадында мәңгі қалдыру мақсатында қолға алынған тірлікке ауданның Құрметті азаматы Тәуірбек Әшімов  бастамашы болса, ауыл ағалары Жомарт Мұхаметжанов, Нұрлыбек Қайшыбеков, Таңатар Тыныбеков, Ұлдарбек Дербісәлиев, Қанат Егембердиев, Талғат Исмаилов, Әлмахан Иманбаев, Тілеулес Байтасов белсенділік танытып, ізгілікті іске ұйтқы болғанын атап өткен ләзім. 
Жомарт азаматтардың  демеушілігімен  бой көтерген ардагерлер аллеясына қойылған  «1941-1945 жыл» деп қашалып жазылған ескерткіш тақта 4 бөлімнен тұрады.  «Боздақтар» бөлімінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестер, «Ардагерлер» бөлімінде  соғыстан аман-сау оралып,  туған жерді түлетуге атсалысқан еңбек ардагерлері, «Ақжар ауылының батырлары және тарихи тұлғалар» бөлімінде осы өңірден шыққан біртуар даңқты азаматтар, «Тыл еңбеккерлері» бөлімінде тылда еңбек еткен қариялар мен әйелдер және бұғанасы қатпаған ұл-қыздардың есімдері қашалып жазылған. Ел игілігіне берілген демалыс орны жастардың тарихты танып-біліп өсуіне үлкен ықпал ететіні анық.
Туған жерге деген перзенттік парызын сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеп жүрген азаматтардың ауылды көркейту шаралары мұнымен шектелмейтініне, алдағы уақытта жалғасын табатынына ел сенімді.
Марал ТОҚТАҒҰЛОВА,
Ақжар ауылдық клубының меңгерушісі.
Байзақ ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Бейбітшілік пен келісім
20 март 2020, Пятница
Бейбітшілік пен келісім
Театр
27 октябрь 2021, Среда
Театр
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры