Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл

Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл

29 сентябрь 2021, Среда
132
0
Қазаққа қасиеттісі – туған елі, туған жері, ең ыстығы – кіндік қаны тамған қаратопырағы болып саналады. 
Жыр алыбы Жамбыл атамыздың туған елі , туған жері бәрімізге белгілі. Өзінің: «Байғара, Хан, Жамбылда мен туыппын,  Жамбыл деп қойыпты атым содан» деп жырлауы туған жерінің дәйекті дәлелі бола алады. Біз, жамбылдықтар, бұны мақтан тұтамыз. Ал, атамыздың «кіндік қаны тамған жеріне» келгенде тосылып  қалатынымыз рас. Анығын тап басып айта алмай қалатынымыз бар.  Дейді, дейдімен "Жамбыл тауының көркем де, әсем, табиғаты келіскен «Талдыбұлақ» деген жерінде атамыз дүниеге келіпті" деген сөз жұрт арасына тарап кетті. Талдыбұлақты білетіндер үшін бұл сөз еш шындыққа келмейді. Өйткені, бұл жерге бір асудан асып барып келеді. Ақпанның аққар – көкмұзында бұл жер түйелі көш тұрмақ, еңбектеп өтер мүскін үшін де мехнат болар еді. Бұдан да басқа жерлерді атамның кіндік кескен жеріне балап, алыпқашпа сөздің әлегімен уақыт өткіздік. Алайда, жыр алыбының кіндік қаны тамған жерді нақтылап табу – жамбылдықтар үшін парызды міндет деп есептеген бір топ еріктілер тәуекел деп жолға шықтық. Парыз-міндетті орындау мақсатында шілденің аптап ыстығына қарамастан Жамбыл тауына жол тарттық. Жолға әжептеуір дайындықпен шықтық. Ауыл әкімі Ермак Жұмабеков көнекөз қариялар Айтқұл Көпбосынов, Қойайдар Бердіғұловты ала шықты. Бәрінің көкірек-көздері ояу, білетіні бар, көргені, көңілге түйгені мол азаматтар. Тауға жеткенше өткен – кеткеннен қариясөздер айтылып, тарихи шежірелер шертілді. Таудың «Талдыбұлақ», «Табақбұлақ», «Бетбұлақ» тұсына біраз аялдаған соң, бала күнін тауда өткізген Қойайдар қарияға жолбасшылық тізгінді ұстаттық. 
Тоқығаны көп құймақұлақ Қойайдар қария әңгіме тиегін Шилібасқа барғанда ағытты :   
–Тарихқа қиянат жүрмейді. Жамбыл атамызды айтушылар бірде  Шеңгелдіде, Талдыда, бірде Қоңыратбайда туыпты дейді. Бұның бәрі бекер сөз. Әр нәрсенің болмыс - бағамына, дәлел-дәйегіне жүгіну керек. Менің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көнекөз қариялардан естіп- білгенім, оқып-түйгенім – Шилібас. Шилібас –  ұлы ақын атамыздың кіндік қаны тамған топырағы. «Шилібас»– сонадайдан келе жатқанды өзіне тартатын күрежолдың бойындағы тораңғылы бекет. Жол жай жол емес. Небір хандар ел-жұртымен, көш-көлігімен жүрген атақты «Хан жолы».  Екі жерінде бастау- бұлағы бар. Ылғалы мол  жылдары сонау етекке барып, көлшік құрайды. Көлшік орны әлі де көрініп тұр. Хан жолы бойындағы керуен, жолаушылар бұл саялы мекен – Шилібасқа соқпай кетпейді. Ыстық аптапта Тораңғысы – көлеңке сая, бұлағы – сусынды бастау. Қыс-борасында – ықтасын бекет. Жабай атамыз да осы жерді діттеп жетіп, аялдаған ғой. Жамбыл кіндігі де осы жерде кесілген. Жамбыл өз айтысына қарағанда бұл жерге Байғара жақтан жеткен. Ақын атамыздың көші ақпан айында, қар аралас боранда, дүниеге перзент келер шақта неге жолда болады? Бұл екі жайға байланысты не айтуға болады?  Сол тұстағы тарихи дерекке үңілер болсақ, атам қазақтың ру-тайпалық дүрдараздығы. Әйтпесе ен - жалпақ – Сардалаға сыймайды емес, сыйыспауы себеп болған  Екінші бір себебі – Қоқан хандығының қырғыз-қазаққа, әсіресе, қазаққа қаһарын төгіп тұрған кезеңі үдере көшуге түрткі болған. Өйткені, ақын атамыздың: 
«Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей, көк найзалы жау торыған» деуі жаугершіліктің айғағын көрсетіп тұр. Біз қазыналы Қойайдар қариямыздың көңілге қонымды әңгімесіне иланып, яғни Жамбыл атамыздың кіндік қаны тамған киелі жері – Шилібасты мойындап, ата аманатынан арылғандай күй кешіп,  қазыналы қариямыздың қасымызда жүргеніне ризашылығымызды білдіріп ауылға қайттық.  

Тұрсынтай Қалдарбеков,
өлкетанушы.
Жамбыл ауылы,
Мойынқұм ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Тағылым
27 май 2020, Среда
Тағылым
Бірлік – біздің туымыз
29 апрель 2020, Среда
Бірлік – біздің туымыз
Зерде
19 август 2020, Среда
Зерде
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры