Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл
Қос жұлдызды Жаз-ата зейнетке шыққан соң туған ауылына көшіп келіп, ағайын-туыс, замандастарымен жиі араласты. Атаны қадір тұтатын қариялар қасиет дарыған қара шаңыраққа – шалдың үйіне жиі жиналатын. Әңгіме-дүкен құрып, қозысын жеп,қымыз-шұбатын ішіп, мәре-сәре болып тарқасатын. Атаға құр келмей, әлжемділері гектарға жуық ҮЙ ІРГЕСІНДЕГІ жерінІҢ ШӨБІН де шауып беретін. «Шалдар шапты» дегені болмаса, Ізтілеу құралпы жігіт ағалары атаның разылығын алу үшін шалғысын асына келетін. Шынтуайтына келгенде, жаз көңілді жаз-атамыз кіндік қаны тамған ауылымен сағынышпен табысып, әрнәрсені желеу етіп, ағайын – туыстардың басын жиі қосып, көзкөрген замандастарымен қауышуды қалайтын.
Шаш алудың сауабы және
тәбәрік орамал
Ауыл қарияларының жиі бас қосатын жерінің бірі біздің үй болатын. Бірақ, біздің үйге келгендер шалғы тартпайтын. Есесіне сырылы естілмейтін өткір ұстараның жүзімен шаштарын алдырып, сақал-мұртын бастыратын, әңгіме-дүкен құрып тарқасатын. Қай хадистен оқығанын қайдам, әкем «шаш алғанның сауабы көп болады» дейтін. Жаз-ата шашын үнемі тек әкейге алдыратын. Оның да мәнісін кейін білдім. Атаның төбе тұсында терең қатпар – айғызы бар болатын. Ондай шашты алуға әкейдің епті қолы мен өткір ұстарасы болмаса, өзгелер ол кісінің қатпары мол басын жаралап алуы мүмкін екен. Мен атаның шашын жібітіп болғанша, әкем 3-4 ұстарасының бірін жүмсақ қайраққа салып, белдікке жанып өткірлеп, сауапты ісіне кірісетін. Анамның да өз атқаратын жұмысы бар. Атаның жуылған басын дереу көлемді ақматамен сіңіріп-сүртіп, діттеген жеріне өзі ғана қоятын. Бұлай ету сырын кейін шақалақ немерелері дүниеге келгенде бір-ақ білдім. Атаның бас сүрткен орамалымен дүниеге жаңа келген балапандарын орап, жамылдыруды тәбәрік етеді екен.
Жұлдызы ерте байқалған бала
Бірде (1991 жылы) белгілі жерлес жазушымыз Оспанәлі Иманәлиевпен сапарлас болған жайым бар. Мақсаты – Жамбыл тауының тарихи орындарын көріп-білу. Жанында Андасай мемлекеттік қорығының қорықшысы Ертан Жантаев (қазір Байзақ ауданы Бурыл аулында тұрады) бар екен. Таудың тиісті жерлерін аралап, Байғарамен төмен түстік. Кешқұрым «Құмөзек» совхозы сыртындағы Керегетас төбесінде дамылдап, ас-суымызды ішіп, әрқайсымыз алған әсерімізбен бөлістік. Мен де әкемнің Жазылбек жайындағы естеліктерін әңгімелеп бердім. Ертан мен жүргізушілер, әсіресе, Осекең бар ынталарымен тыңдады. Әкем: «Жазылбек Үкімет қосқан жасы болмаса, жас айырмашылығымыз айтарлықтай алшақ емес-тін. Жастық, балалық шағымызды бірге өткіздік. Олар – Алдиярлар «Қызылкөтермеде» егін салса, біз жапсарлас тоғаннан су алатынбыз. Күз – күздеуіміз бен қыс-қыстауымыз Итжон мен Тарғында, жаз-жайлауымыз тауда болса, егіннен қол үзбегендер аса ұзамай, шағын малмен Керегетаста қалатын. Бірде ауыл қариялары кешқұрым Керегетастың биік төбесінде (ол кезде мұны «мәслихаттөбе» дейтін) отырып, төменде ойнап жүрген ірілі – уақты оншақты баланы мәре белгілеп, жарыстырады. Ішіндегі ересектеу бозбаланы басшы сайлап, қолына кірешілер әкелген сом көкқантты (майдалап шағылған) жарысушыларға беруді тапсырады. Басшы бала 350- 400 адым шамасындағы қашықтықта балаларды қатар тұрғызып бірдей жүгіртіп, мәре сызығын «мәслихат төбеге» тірейді. Балалардың алдыңғы тобыры мәре сызығына жақындағанда Жазылбек орта түста шаңды бұрқыратып, барын салып жүгіріп келе жатады. Бетіндегі шаң аралас терлеген кең маңдайын білегімен сүртіп қойып, етжеңді денесін өзеурей алға ұмсындырып, борт-борт жүгіріп келеді. «Соңында қалып қойдым ғой, енді несін жүгірем» деген жоқ, қашан мәре сызығына жеткенше бар күшін салып, ентелеумен келеді. "Сірә, соңында қалған балаға қант бермей қоя ма" деген күмәні болса керек, мәреге жете төреші балаға қолын созып, «әкел қантымды!» дейді. Төреші бала: «Әй, Жазылбек, сен соңында қалдың ғой, қалай саған бәйге - қант беремін» дейді. Сонда да ентігін баса қоймаған, бет-аузы шаңға малынған кейіпте: «Жоқ, мен аламын, бәйге беруге тиіссің. Мен ешкімнен кем жүгірген жоқпын, ешқайсысынан кем тер төккенім жоқ. Мен еңбегімнің, төккен терімнің ақысын сұрап тұрмын. Қарашы, түріме, әбден шаршадым. Әкел, менің қантымды!» деп одан сайын өзеурей түседі. Осы кезде төбе басындағы қариялардың бірі « Әй, төреші бала, Жазылбекке де бер үлесін. Расында да мына балалардың ешқасысынан кем тер төккен жоқ. Жазылбек еңбегін пұлдап тұр. Еңбегінің ақысын сұрап тұр. Не нәрсе еңбекпен келеді. Жазылбек– жұлдызы жанатын бала, бер бәйгесін!» дейді.
...Жазылбек – таза еңбектің нартұлғасы. Жазылбек– зейнетке шыққан соң да бірнеше жыл сүйікті ісін жалғастырды. Жалпақ жұрттың Жаз-атасы, «малшы-лардың маршалы», өз кәсібінің академигі атанды.
Иә, бүгінде Жаз-ата айтыпты деген «Абырой –атақ әсте төккен термен, сіңірген еңбекпен келеді» деген сөз ел аузында қалған. Еңбегі арқасында жұлдызы бала күннен байқалған, оны сол кезде-ақ біліп – таныған абыз аталарымыздың көрегендігіне қайран болмасқа лажың жоқ... Жай жұлдыз емес, қос жұлдызды, қос әйелді, қос егіз перзентті, тіпті, көзі тірісінде-ақ екі ескерткіш орнатылған пенде бұл дүниеде кем де-кем шығар... «Жұлдызы жарқырап жанған» деп осы Жаз-атаны айтса керек, сірә...
Тұрсынтай ҚАЛДАРБЕКОВ,
еңбек ардагері.
Мойынқұм ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)