Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жызылбек Қуанышбаев туралы сыр

Жызылбек Қуанышбаев туралы сыр

30 апрель 2021, Пятница
143
0
Мал бағудың асқан шебері,  екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолында Мойынқұм ауданын 1946 -1949 жылдары басқарған Кәрім Шорабеков, 1956 – 1959 жылдары басқарған Мәмбет Смағұлов сынды азаматтардың ол кісінің даңқының жер жарып, бағының жануына себепші болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Жаз-атаның Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі IV-V шақырылымдарының депутаты болып сайлануына, 1959 жылы Мәскеуде өткен СОКП ХХІ съезіне делегат болып қатысуына сол жылдары аудан басқарған кісілердің ықпалының болғандығы ақиқат.
1960 жылы Бірлік ауылында Жазылбек Қуанышбаевқа бюст қойылу салтанатына Жамбыл облысының сол кездегі басшысы Асанбай Асқаров келіп қатысты. Ол кісі «Қарапайым еңбегімен осыншалықты даңққа бөленген шопан ата – біздің бүгінгі болмысымыздың шындығы» деп толғанып еді сол жолы. Жиын аяғы үлкен тойға ұласты. 1959 – 1965 жылдары Асанбай Асқаровтың Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқаруының, ал, 1965 жылы Айтбай Назарбековтің Мойынқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуінің Жазылбек Қуанышбаевтың жасы ұлғайған шағында халқының құрметі мен қошеметіне бөленуіне игі ықпалы болды. Жаз-ата республикалық жиындардың қадірменді қонағы, съездердің делегаты болып, нұрлы жүзі жарқырап кездесулердің төрінде отыратын. Еңбек Ерінің жолға шығуын аудан басшысы Айтбай Назарбеков өз назарында ұстап, жанында болатын қосшылары мен жоралғыға беретін сый-сияпатына дейін реттеп отыратын. Батыр атағын екі рет алғандардың «өлі мен тірісін» түгендеуден Жаз-ата тыс қалған емес. Ыбырай Жақаевтың мерейтойларына, кемпірі дүниеден қайтқанда, Ыбырайдың өзін соңғы сапарға шығарып салуға, Нұрмолда Алдабергеновтің қазасына «ата жолымен» барып, жол-жоралғысын жасап қайтқан еді. Еңбек Ерлері Дариға Жантоқова, Зылиха Тамшыбаева, тағы да басқа еңбектестерімен қатар, Кенен сынды ақиық ақынның қуанышын бөлісу, қайғысы болса көңіл айту жолынан Жазекең "жаңылып" көрген емес. Сол кездегі дәуірлеп тұрған коммунистік идеологияның кезінде-ақ қазаққа ислам-мен келген имандылықтың басты шарты – «кісінің көңілін аулау» деген қағидатын берік ұстанған Айтбай Назарбеков сияқты ел басшылары мен Жаз-ата сынды қариялардың дәстүрге, салтқа беріктігі арқасында қазақ болып жойылмай қалғандығымыз – біз мойындайтын шындық.
Айтекең мен Жаз-ата бірі үлкендіктен аттамаса, бірі кішіліктен кішіреймей, бірін-бірі толықтырып отырған, ұлы мұрат – халқына қызмет ету жолында аудан бағын жандырған, тағдыр тоғыстырған тұлғалар болды. Дүниеге келген қос ұлдың шашу тойы, Жаз-атаны зейнеткерлікке шығарып салу, шопан таяғын Бөгенбай Бидасбаевқа тапсыру,  70 жылдық мерейтойы сәйкестендіріліп, Айтекеңнің тікелей басшылығымен 1967 жылы күллі аудан халқының мерекесі болып аталып өтілді. Ал, 1976 жылы «Тұлпарсаз» жайлауында өткен Жаз-атаның 80 жылдық тойында қазақ күресінен халықаралық турнир ұйымдастырылып, оған самбодан әлем чемпионы К. Байшолақов, Еуропаның чемпионы А. Мұсабеков, КСРО жүлдегері Н.Жармұқанбетов пен Марат Жақитовтың басқа да танымал шәкірттері қатысты. Роза Бағланова ән шырқап, Мойынқұм халқының рухын аспандатты. Мерекені ұйымдастыру жөніндегі  комиссияны облыстық атқару комитетінің төрағасы Сейілхан Аққозиев басқарды. Айта кетер жай – Сейілхан Аққозыұлы Жаз-атамен ағайындық қарым-қатынасын өмірінің соңына дейін үзген жоқ. 1986 жылы Жаз-атаны соңғы сапарға Сейілхан Аққозыұлының өзі бас болып шығарып салды. Қарапайым еңбек адамына деген құрмет,  міне, осындай-ақ болсын. 
Айтбай Назарбеков бастап беріп кеткен Жаз-атаның дәстүрлі мерейтойлық шаралары жалғасын тауып, ол кісінің 90, 100, 110, 115, 120 жылдық мерейтойлары жоғары деңгейде аталып өтілді. 1973 жылы қазақ күресінен Жазылбек Қуанышбаев атындағы республикалық турнир Мойынқұмның «Тұлпарсаз» жайлауында май айында бастау алды. Сол кезде қазақ күресінің ережесін жасауға, оның КСРО деңгейінде спорт түрі деп танылуына белсене қолдау көрсеткен Марат Жақитов болатын. Айтбай Назарбеков оны елге шақырып, «Жаз-атаны бүкіл КСРО біледі, оның атындағы жарысты одақ білгені дұрыс. Марат қалқам, сен атаңның батасын алып, осы істі халықаралық деңгейге жеткізсең, біріншіден ұлтыңның салтын қадірлегенің болады,  екіншіден халқыңның мәртебесін көтересің» деген екен. Айтекеңнің сол сөзі «Менің намысымды қайрап, үлкен іске құлшындырды» дейді бүгінгі күні 76 жасқа қадам басқан Марат Нұрмұханбетұлы.
— Жазылбек Қуанышбаев атындағы қазақ күресінің турнирі  халықаралық деп танылып, жеңімпаздарға «Қазақ КСР спорт шебері» атағын беру құқығын иеленген болса, мен екі жүзге жуық «спорт шеберін» даярласам, солардың арасында осы турнир жеңімпазы болған мойынқұмдықтар да болды. Сол жылдары КСРО құрама командасының жаттығуын Таразда өткіздім де, толық құрамды «Тұлпарсазда» өтетін турнирге қатынастырдым. Сол қүресте самбодан Әлем, Европа чемпионы болған кейбір жігіттерді, сіздердің Дауылбайларыңыздың лақтырып жібергені әлі есімде. Турнир Жаз-атаның үйінен дәм татумен басталып, атаның батасымен аяқталатын еді.  Сол батамен маған да атақ, даңқ келді, Кезінде «Халықтар Достығы» орденімен марапатталдым,– дейді самбодан КСРО-нің құрама командасының бапкері болып, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Марат Жақитов. Әңгіме барысында Марат Жақитов «Тұлпарсаздағы» турнирді басынан аяғына дейін әңгімелеп, Жаз-ата мен Айтбике апайды еске алып, спортшылармен бірге жүретін Зоя Арқабаева мен Жұмабек Орынбаевтың, аудан намысын жыртқан Рысманап Шаңлақбаев пен Әшімхан Сатыбалдиевтердің ерлікке пара-пар істерін маған айтып беріп еді. 
Мойынқұм елінің салт- дәстүрге беріктігін, қонақжайлығын еске салып, бүгінгі күні «Жазылбек турнирін» қайта жандандыру мүмкіндігі бар екенін айта келіп, басталар болса, ары қарай қолдау жасайтындығын алдыға тартты.
Мақсат СЕЙДАЛИЕВ,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет қайраткері,
Қазақстан Республикасы
Білім беру ісінің үздігі,
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Қарттар жазған хаттар
12 ноябрь 2020, Четверг
Қарттар жазған хаттар
Жағымды жаңалық
14 октябрь 2020, Среда
Жағымды жаңалық
Ғибрат
12 ноябрь 2020, Четверг
Ғибрат
Ұлы даланың ұлылары
29 апрель 2020, Среда
Ұлы даланың ұлылары
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры