Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жағымды жаңалық

Жағымды жаңалық

14 октябрь 2020, Среда
146
0
Ауыл дәрігері, абзал азамат Зауал-Махан Абзалбековтің есімін Сарысу ауданының үлкені мен кішісі тегіс бүгінде құрметпен еске алады. Кешегі шілде айындағы коронавирус індетінің жойқын толқыны осынау өз ісінің айтулы шебері болған, ауыл- елге жақсы ісімен, әдебімен жаққан, өзі туып-өскен Игілік, Өндіріс ауылдарында қырық үш жыл табан аудармай  фельдшерлік бекеттің меңгерушісі болып қызмет атқарған Зауал-Махан Абзалбековті жетпіс жасқа толған мерейтойын ел-жұрты мен бала-шағасының, жақындарының ортасында тойлағалы отырғанда сұм ажал мезгілсіз алып кетті. 
Кезінде жақсы дәрігер болып, тұрғындардың жанына желеу болған, талай адамды ажал тырнағынан алып қалып, үлкеннің де, кішінің де құрметіне бөленген Зауал-Махан Абзалбековке жерлестері де лайықты құрмет көрсетуде. Өткен аптаның сенбісінде Зауал-Маханның өзі табан аудармай қырық үш жыл қызмет атқарған ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекеті орналасқан ғимараттың қабырғасына осы ауылдың тумасы, талантты ақын Маралтай Райымбекұлымен аудандық мәслихаттың депутаты, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Бөлтірік Ілиясовтың бастамасымен ескерткіш тақта орнатылды. 
Бұл игілікті шараға Алматы, Тараз, Жаңатас қалаларынан Зауал-Маханды білетін, оның есімін құрмет тұтатын жерлестері, бауырлары және ауылдың ардагерлері жиналып, рухына тағзым етті. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл", "Еңбек ардагері" медальдарымен және "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Зауал-Махан Абзалбеков туралы аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Серік Аппазов, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов және Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Бөлтірік Ілиясов естеліктерін айтып берді. 
Ғимарат қабырғасында орнатылған мәрмардан қашылған ескерткіш тақтаны  аудандық мәслихаттың хатшысы Сағындық Бегеев пен еңбек ардагері Алпыс Жақсылықов салтанатты жағдайда ашты. Осылайша ауыл дәрігері Зауал-Махан Абзалбековтың рухына құрмет көрсетілді. 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Шын.дық
28 август 2020, Пятница
Шын.дық
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Тағылым
27 май 2020, Среда
Тағылым
Қайырымдылық
29 июль 2020, Среда
Қайырымдылық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры