Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қайырымдылық

Қайырымдылық

29 июль 2020, Среда
155
0
Маусымның соңы, шілденің басы коронавируспен қосылып пневмония деген алапат ауру адамдардың екі өкпесінен қысып жібергенде, шыны керек, біздің денсаулық сақтау жүйеміз індеттің жойқын қарқынына дайын болмай шықты. Індеттен ауырғандардың саны еселеп көбейсе, мезгілсіз көз жұмғандардың қатары артып жатты. Қашанда қайырымдылықты жанына серік еткен халықпыз ғой. Ел басына осындай күн туған шақта кешегі дана, дара тұлғамыз болған, ұлтымыздың ары мен ұятына айналған Дінмұхамед Қонаев қорындағылар қарап отыра алмады. Халықаралық Д.Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев бастаған бір топ қайырымды жандар 48 миллион теңге жинап, облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде ауырып жатқан жерлестерге көмек ретінде қайырымдылық жасады. Осыншама қаржыға 10 оттегі концентраторын  және мол көлемде коронавирус індетіне қарсы дәрі-дәрмектер сатып алып, одан әрі қарай тарату үшін бұл заттарды Тараз қаласындағы №5 емханаға (қазір провизорлық орталық) жеткізді. 
Осы шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков: 
– Шыны керек, ауруханалар мен дәріханаларда медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі байқалуда. Осыған орай, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарына арнайы Үндеу жариялады. Үндеуге үн қосқан облыс кәсіпкерлері 338 миллион теңге жинап дәрі-дәрмек пен аппараттар сатып алды. Міне, бүгін белгілі кәсіпкер Әлімбек Жұмабаевтың ұйымдастыруымен халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық  бөлімшесінің атынан дәрі-дәрмектер мен жасанды демалу аппаратының үлкен бөлігі облыстық денсаулық сақтау мекемелеріне келіп түсті. Кәсіпкерлердің сатып алған дәрі-дәрмектері мен жабдықтары Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары мен аудан орталықтарына жеткізілетін болады. 
Қайырымдылық шарасында облыстық мәслихаттың депутаттары , Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, Әлімбек Жұмабаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов, Халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов және басқалар сөйледі.  
Денсаулық сақтау қызметкерлері осынау игілікті шараны ұйымдастырған Халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесіне және кәсіпкер азамат Әлімбек Жұмабаевқа өздерінің алғыстарын білдірді. 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры