Қарттар жазған хаттар
Жас есейе келе өткенге ой жүгіртіп отыратын әдет пайда болады екен. 1974 жылы Қордайда болған бір жиын естен кетпейді. Мен ол кезде сегіз жылдық мектепте ұстазбын және қоғамдық негізде комсомол ұйымының хатшысымын. Жаңағы жиынға облыстық комсомол комитетінің делегациясының құрамында менің де қатысуымның сәті түскен болатын. Комсомолдар жиыны екі күнге созылды. Екінші күні түскі үзіліске шыққанда түсі бөтендеу үш жігітке көзім түсті. Екеуі – қазақ, үшіншісі қауға сақал орыс жігіті екен.
Сол жылдары "Қыз Жібек" кинофильмі экранға шығып, дүрілдеп аты шығып тұрған кез ғой. Бекежан мен Төлегеннің рөлінде ойнап, көптің құрметіне бөленген Асанәлі Әшімов пен Құман Тастанбековті бірден таныдым. Асанәлі ағам әдеттегідей өзіне тән стильмен ерекше киінген екен. Құманның шашы өскен, бұйра шашы желкесін жауып тұрды.
Қасымыздағы досымыз екеуміз қолтаңба ала қояйық деп әрекеттенген бетіміз еді, жиналысымыз қайта басталып, апыр-топыр жиынға қайта кіріп кеттік. Қолтаңба алудың сәті бұл жолы түспей қалды.
Содан бері қарай 45 жылдан аса уақыт өтіпті. Асанәлі Әшімов сияқты қазақ театр және кино өнерінің алып тұлғасының сәтті шығармашылығына сырттай сүйсініп жүреміз. Ол кісі туралы теледидардан көріп, радиодан тыңдап, баспасөзден оқып-біліп отырамыз. Бірақ, сол оқиғадан бері ол кісімен бетпе-бет кездесудің сәті түспепті.
Өткен жылы Жамбыл облысының 80 жылдығы айрықша аталып өтті. Тараз қаласында жаңадан сәулетті нысандар салынып, бой көтеріп, тарихи шаһарымыздың келбеті айрықша сәнге бөленді. Осы мерекеге Жуалы ауданынан келген делегацияның құрамында мен де болдым. Осы тойға бір топ мәдениет және өнер қайраткерлерін бастап Асанәлі Әшімов те қатысты. Сол баяғы қолтаңба алу арманымды осы жолы орындауға ниеттеніп бақтым. Сәті келе қоймады. Облыс басшыларының қаумалауымен Асекеңмен беттесудің жөні келмей-ақ қойды. Ақыр соңында қаладағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің маңайында "Әуендер әлемі" алаңының ашылу салтанаты кезінде ақтангер актермен бетпе-бет жүздесудің сәті келе қалғаны. Жұбайы Бағдат екеуі жаңа салынған нысанды аралап жүрді. Қалт еткен сәтті пайдаланып, Асекеңе:
– Мен Жуалыдан келген Сағын деген ініңіз болам,-дей келе бұдан 45 жыл бүрынғы оқиғаны есіне салдым. Ол кісі сөзімді мұқият тыңдады да "күлімсіреп", қолымдағы Асқар Тоқпановтың кітабының бірінші бетіне қолтаңбасын қалдырып, өзіне тән айрықша мәнермен қолын қойды.
"Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді" деген осы екен. Кешігіп жеткен қолтаңбаға осылайша қол жеткіздім.
Сағындық ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ,
Жуалы ауданының Құрметті азаматы

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)