АЛАМАНДА АРДАГЕЛЕР АЛДЫНА ЖАН САЛМАДЫ
Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толуына арналған облыс ардагерлерінің дәстүрлі спартакиадасына биыл Тараз қаласы мен 10 ауданның құрама командалары қатысып, зейнет жасындағы 300-ден астам ардагер жарыс жолына шықты. Шын мәнінде үлкендеріміздің бел шешіп кіріскен бұл жарысы "Тараз-Арена" спорт кешініне жиналған мыңдаған жанкүйерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, қажыр-қайраттары қайта қоймаған қариялар кәсіби спортшыларға тән жігерлілік, ептілік, жеңіске деген құштарлықтарын көрсете білді. Жарыс басталмас бұрын спорт кешініне жиналған жанкүйерлер алдында біздің ардагерлеріміз шыр көбелек айналып, вальс билеп, көпшілікке тағы бір қырынан танылды.
Спорттың 9 түрінен ұйымдастырылған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов арнайы келіп қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

— Ардагерлер қозғалысы – еліміздегі үлкен саяси, қоғамдық ықпалды күшке ие бұқаралық ұйым. Қазіргі таңда облыста 130 953 ардагер бар, оның 17-сі Ұлы Отан соғысының ардагері. Аға буын өкілдері жастарға отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік тәрбие беруде белсенді, әрі жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, ел бірлігін, қоғам тұтастығын нығайту жұмыстарына белсене атсалысып жүр. Бүгінгі дүбірлі жарыстың да басты мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ардагерлердің өнегелі ісін жастарымызға үлгі етіп көрсету. Тартысты жарыста ардагер спортшыларға сәттілік пен табыс тілеймін, – деді облыс басшысы.
Келесі кезекте сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев спортшы ардагерлерге бәсі биік жарыста жоғары көрсеткіштер тіледі.
"Тараз-Арена" спорт кешенінде екі күнге созылған облыстық спартакиадада командалық есепте Тараз қаласының ардагер спортшылары алдарына жан салмай, бірінші орынға шығып, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды. Жүлделі екінші-үшінші орындарды Қордай, Жамбыл аудандары өзара бөлісті.
Жекелеген спорт түрлері бойынша асық ату-дан ерлер арасында меркілік Нұржан Айылшиев, байзақтық Әбдібек Байділдаев, қордайлық Қырғызбай Батыров, шахматтан ерлер арасында тараздық Айтқазы Баймурзин, меркілік Т.Кембай, мойынқұмдық С.Құрманалиев, әйелдер арасында тараздық Елена Деревянко, таластық Нина Левченко, байзақтық Қанымкүл Бесінбай, тоғызқұмалақтан ерлер арасында Шу ауданынан Абас Нашарбеков, сарысулық Құрдайберген Түлкібеков, байзақтық Тұлғабай Ниязымбетов, әйелдер арасында Т.Рысқұлов ауданынан Гүлнәр Орманова, жамбылдық Райхан Туғанбаева, қордайлық Құрманкүл Садықова, бильярдтан жуалылық Амангелді Апбасов, қордайлық Байділда Жанбосынов, жамбылдық Есенбек Қалдыбеков, дартстан ерлер арасында таластық Пана Рахманберді, тараздық Е.Жанқожа, сарысулық Шабданбек Райымжанов, әйелдер арасында меркілік Г.Золотько, мойынқұмдық Р.Сабырова, Т.Рысқұлов ауданынан Сағаткүл Базарқұлова, ләңгі тебуден жамбылдық Данышбек Исаев, қордайлық Мейрамбек Жортбасов, сарысулық Дүйсен Сапаров, үстел теннисінен ерлер арасында тараздық Шақтыбай Байғанов, қордайлық Эрсмане Бешанло, сарысулық Низами Әлиев, әйелдер арасынан тараздық Вера Приданова, қордайлық Раушан Жолдыбаева, Т.Рысқұлов ауданынан Вера Паршукова, дойбы ойынынан ерлер арасында тараздық Виктор Устинов, байзақтық Әлимұхаммед Бекайдаров, жуалылық Бекжан Байдалиев, әйелдер арасынан жуалылық Айман Исаханова, қордайлық Айсұлу Биғазиева, тараздық Ұлбала Оразбаева жеңіс тұғырынан көрінді.
Айтуымыз керек, волейболшылар арасында 11 команда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Бұл жолы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбеттің өзі бастап шыққан қордайлық қол добының шеберлері бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Жуалы және Тараз қаласының командалары өзара бөлісті. Жалпы командалық есепте жоғары көрсеткішке жеткен Байзақ, Жамбыл және Сарысу аудандарының құрама командаларына арнайы жүлделер тапсырылды.

"Ғұмыр-Дария" – ақпарат.
Суреттерді түсірген Нұрболат АМАНБЕК.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (3)