ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Он үш жылдан кейін қайта оралған ұлттық мерекеміз – Республика күніне арналған салтанатты шара Тараз қаласындағы "Баласағұн" орталық концерт залында өтті. Жиналғандарды еліміздің басты мерекесімен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады. Нұржан Молдиярұлы әр салада жемісті еңбек етіп, үлкен абыройға бөленіп жүрген, Президент Жарлығымен "Парасат", "Құрмет", III-дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен наградталған бір топ азаматтарға марапаттарын салтанатты жағдайда тапсырды. Наградталғандар қатарында "Құрмет" орденін омырауына таққан жазушы, ардагер журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев және облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, ақын Үміт Битеновалар бар.
25 қазан – Республика күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов 94 жастағы ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының және ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың шаңырағына бас сұғып, ұлттық мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Ұлттық мереке Тараз қаласы мен барлық аудандарда кеңінен аталып өтті. Жаңадан әлеуметтік нысандар, білім ошақтары, денсаулық сақтау мекемелері, тұрғын үйлер, спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, мәдени-көпшілік шаралары ұйымдастырылды.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" — АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)