Облыс ардагерлер ұйымдарында
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы құрметіне Биназар ауылында ауылдық округ ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен "Өсірейік ардагерлер мерейін" деген тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Әрине, бүгінде соғыс ардагерлері арамызда қалмай бара жатыр. Уақыт солай, тағдыр солай. Өткен ғасырдың отты жылдарында олар өз міндеттерін абыроймен атқарды. Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлады. Бүгінгі жастар соның игілігін көруде. Осы шараға арнайы келіп қатысқан Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков:
–Ардагерлерімізді шежіреге балайық, олардан өнеге мен үлгі алайық, олардың әрқашан мерейлерін тасытып жүрейік, қабағына қарайық,-деген әсерлі сөздерімен басқосуды бастап берді.
Келесі кездекте сөз алған ақынжанды еңбек ардагері Болатбек Әбішев:
Бар адамзат таң атырған еңбекпен,
Береке үшін аянбастан тер төккен.
Ел-жұрт болып бұл еңбекті мадақтап,
Ақындары жүрегінен жыр сепкен,- деген жыр жолдарымен жиналған жұртты бір серпілтіп тастады.
Облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты қызметкері Талғат Жұмабек жиналған жұртшылықты келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, ауылдың бір топ ардақты ардагерлеріне, асыл аналарына облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын салтанатты жағдайда тапсырды.
Шалғайда ардагерлерді құрметтеуге арналған шара үлкен ұйымшылдық жағдайында өтті. Әрине, қай жерде болмасын, үлкендерге деген құрмет ерекше. Күні кеше жұмысқа кіріскеніне көп бола қоймаған облысымыздың жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов облыстық ардагерлер кеңесіне келіп, елге еңбегі сіңген қариялармен жүздескенін бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Ал, енді, шалғайдағы Биназар ауылына барып, аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Ұлы мереке қарсаңында ел үлкендерінің арасында болып, оларға өзінің жылы сөзін арнап жатса бұл да биліктің ел үлкендеріне деген ілтипаты, құрметі, сыйы.
Көтеріңкі көңіл-күй жағдайында өткен осы жиында облыстық аналар алқасының төрайымы Хадиша Оспанова да ел ағаларына өзінің ізгі ниетін арнады. Іс-шараның қорытындысында ауыл өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көпшілікке ұсынылды. Ауыл өнерпаздары ардагерлерге ән-күйден шашу шашты.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ
Мойынқұм ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (2)