Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

ДАҢҚ

30 май 2022, Понедельник
122
0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ұлы мерекесін 77-інші рет тойлаудамыз. Құрыштан құйылғандай кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың от-жалынынан аман оралған мыңдаған жерлестеріміздің бүгінде облысымыз бойынша 26-сы ғана бақытты өмір кешуде. Бұған қоса 2 майдангер жесірі бар. Біздің елімізде майдангерлерге құрмет ешқашан кеміген емес. Мереке күндерінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов және оның орынбасарлары, Нұржан Календеров, Рүстем Дәулет, Талғат Мамаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметқали Сарыбеков және Тараз қаласы мен аудан әкімдері соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне үйлеріне барып, айрықша құрмет көрсететін болады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден мемлекет тарапынан жәрдемақы төленді. Мерекеден сәл бұрын 100 жасқа толған соғыс және еңбек ардагері Мұсахан Бердібаевтың мерейтойы кеңінен аталып өтті. 
Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер мен мүгедектердің үлкендерінің жасы  бүгінде 100-ден асып жығылса,  ең жастарының өзі 90-ның төрінде. Тараздық майдангер Павел Никитович Плугин мен соғыс мүгедегі Григорий Владимирович Нещертнов, жаңатастық батыр Кемелбек Шәменов 101-ге толған екен. Ал, майдангер жесірі, Байзақ ауданының ардагері Райхан Шомаева – 107 жаста. 
Бұл күндері облыс орталығы Тараз қаласында және майдангерлер тұрып жатқан аудан орталықтары мен ауылдарда оларға барынша құрмет көрсетілуде. Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Тәуелсіз еліміздің құрметіне бөленуде, ұрпағының сүйіспеншілігіне кенелуде. 
Бейбіт өмір ұзағынан болсын, Тәуелсіз еліміз өсіп-өркендей берсін, Жеңіс тойы құтты болсын, ардақты майдангерлер!
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Ұлы Жеңіске 77 жыл
05 май 2022, Четверг
Ұлы Жеңіске 77 жыл
Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры