Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жүз жасаған жауынгер

Жүз жасаған жауынгер

09 март 2022, Среда
236
0
Өмірдің ағымына бағынамыз ғой. Кешегі дүркіреп өткен соғысқа қатысқан майдангерлердің қатары да сирексіп қалды бүгінде. Бір дәуірдің алапат қасіретін көзбен көрген соғыс сарбаздарына біздің қоғамда құрмет айрықша. Өткен аптада Ұлы Отан соғысының және бейбіт еңбектің ардагері Мұсахан Бердібаев 100 жасқа толды. "Жүзге келіңіз" деген тілекті қанша көп айтқанымызбен де осы бір ғұмырлы белесті бағындырғандарды тек саусақпен санай аламыз. Денесі шымыр, ойы жүйрік Мұсахан қария сол 100 белесіңді бағындырыпты. Адам өміріндегі осынау айтулы белестің биігіне шыққан ардагер ақсақалдың мерейтойы Тараз қаласында дүркіреп өтті. Сән-салтанаты жарасқан бұл тойда қатары селдіреп қалса да біраз майдангерлер бас  қосты. Айтулы шараның жақсы өтуіне облыстық ардагерлер кеңесі мен Тараз қаласы ардагерлер кеңесі барынша атсалысты. Еркінбек Солтыбаев пен Күләш Әбдікешова той дайындығының неше күн басы-қасында жүрді. 
Ғасыр жасаған майдангер қарияның мерейлі тойына облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың өзі келіп қатысып, қуанышқа ортақтасты. 
–Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың мерейлі міндетіміз. Ардагерлер – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздң өркендеуіне үлес қосып, ерен еңбегімен соңына өшпес із қалдырған жандар. 
Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңімен қатар келді. Сіздер бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтірдіңіздер, күйзелген елдің еңсесін қайта тіктедіңіздер,-дей келе Бердібек Сапарбаев қазыналы қарияның иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. 
Мұсахан Бердібайұлы 1922 жылы 15 ақпанда Жуалы ауданының Жетітөбе ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылып, одан әрі қарай Сталингад, Курск доғасы, Калинин, Беларусь майдандарында жауынгерлік жолдан өтеді. Майдан даласындағы ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз", бірінші, екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордендерімен марапатталған. Майдангер – Жуалы ауданының Құрметті азаматы. Кіндігінен тараған балаларынан 18 немере, 38 шөбере сүйіп отыр. 
Мерейтойлық шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, майдангердің қандыкөйлек достары, қала жұртшылығының өкілдері сөйлеп, Мұсахан Бердібаевтың майдан даласындағы ерлігі мен бейбіт еңбектегі  жасампаздық жолы туралы тебірене айтты.
Тойдың соңы ұлан-асыр ән-жырға, мың бұралған биге ұласты. 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ
Обсудить

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Алғыс
06 май 2020, Среда
Алғыс
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры