Алғыс
Әлі есімде 1941 жылы Жуалыда мектептің бірін тәмамдаған соң, соғысқа аттандым. Қазір бәрі айтуға ғана оңай. Соғыстың бастан-аяқ қатысушысы ретінде айтайын, майдан даласында көрген қиындығымыз аз болған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстың бетбұрысты кезеңі болған Сталинград шайқасына қатыстым. 1943 жылы Сталинградты жаудан толық азат еткеннен кейін Курск шайқасына аттандық. 1945 жылы кезекті шайқастардың бірінде қатты жараланып, госпитальға түстім. Жарақаттың әсерінен бесінші мамырда елге оралдым. Араға төрт күн салып, 9 мамырда Кеңес Одағы жеңіске жетті.
Бейбіт күнде түрлі басшылық қызметтерде болдым. Соғыста көрсеткен ерлігім үшін бірнеше медальдарға ие болдым. Облыс атқамінерлері тарапынан жылда құрмет көрсетіліп тұрады. Десе де биылғы жылы қатары жыл санап азайып келе жатқан майдангерлерге деген сый-құрмет ерекше болды.
Ұлы Жеңістің мерейтойлық жылы қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей бастамасымен үйіміздің алдында үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Оңтүстік» қолбасшылығының жас жауынгерлері сап түзеп өтіп, бізге құрмет көрсетті. Облыстық, қалалық ардагерлер кеңестерінің басшылары құттықтады. Сондай-ақ, Тараз металлургия зауытының қызметкерлері шаңырағыма арнайы атбасын бұрып, құттықтап келді. Тараз металлургия зауытының "Жас көшбасшылар" клубының мүшелері Абылай Құдайберген мен Азамат Маханов зауыт басшылығының атынан сый - сияпаттарын жасады. Мен де өз кезегімде соғыста бастан кешкен оқиғаларыммен бөлісіп, жастардың жұмысына сәттілік тілеп, өзім жазған кітаптарымды сыйға тарттым.
Биылғы жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілген соң, бір топ ерікті жастар үйімде болып азық-түлік себетін сыйға тартты. Осыншама ықылас-пейіл танытқан басшы азаматтарға, жастарға алғыс білдіргім келеді.
Мұсахан БЕРДІБАЕВ,
Ұлы Отан соғысының ардагері.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)