Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫНДА: ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ

ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫНДА: ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ

14 декабрь 2021, Вторник
196
1
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялағанда «Ата-баба арманы орындалды-ау» деп қуанғандардың алды бүгінде жүзді алқымдап, соңы елуді еңсеріп қалды. Сол кезде дүниеге келген сәби – ордабұзар отызда. Алғашқылары Тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, туын желбірету жолында бар қажыр-қайратын жұмсаса, соңғылары еркін еңбектің эстафетасын жалғастырып жатыр. Абыз ақсақалдар мен қадірменді қариялар – оларға ақылшы, кеңесші.
Тараз қалалық ардагерлер ұйымы – бүгінде қоғамда өзіндік орны бар, ортақ істе қомақты ықпалы бар іргелі қоғамдық құрылым. Қалалық ардагерлер кеңесінің алғашқы төрағасы Айтжан Қалтаев -  ұйымның құрылып, одан әрі  қалыптасуына зор еңбек сіңірген кісі. Зұлмат соғыстың от-жалынында шыңдалған азамат қарияларды жігерлендіріп, Тәуелсіздік жолындағы істерге жұмылдыра білді. Қарттарға қамқорлықты да назардан тыс қалдырған емес. Қала ардагерлеріне одан кейін жетекшілік жасаған Мұсахан Зәуірбеков, Химан Яшев, Жақсылықбай Тәжібаев, Алдиярбек Түсіповтер кезінде әр салада шебер ұйымдастырушы болған, өмірлік тәжірибелері мол жандар еді. Олар Тәуелсіздіктің іргетасын нығайтуға атсалысты. Аға буын өкілдерін соған жұмылдырды. Қызметтері нәтижесіз емес. 



Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің  бүгінгі көпқырлы, сансалалы  қоғамдық қызметі осыған айқын дәлел. Біз «Ардагерлер қозғалысы  қоғамның қозғаушы күшіне айналып отыр»  деп батыл айта аламыз. 
Бүгінде 46 мыңнан астам зейнеткерді топтастырып отырған 11 аумақтық, 164 бастауыш ұйым – үлкен күш. Қаладағы көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралардың арасында ардагерлер жүреді. Тіпті, солардың көпшілігіне, бастамашы болғатындығын да  айтуға тиістіміз. Көбіне үлкендеріміз тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, күтімге алу, насихаттау жұмыстарында белсенділік танытуда. Жастарға ататарих, еліміздің өткені мен бүгінгі бақытты өмірі туралы ардагерлер айтпағанда, кім айтады?! Осы орайда ардагерлер атқарып жатқан жұмыстар ауқымды. Олар өткен жылы барша қазақстандықтар болып тойлаған  ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фарабидің – 1150, хәкім Абай Құнанбаевтың – 175, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің – 75, биылғы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың-175, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның-180, «малшылардың маршалы» атанған Жазылбек Қуанышбаевтың – 125, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың-90 жылдықтарына арналған іс-шаралардың қай-қайсынан да қалыс қалған емес. Рас, бірқатар іс-шаралардың ашық форматта өткізілуіне бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індетінің кедергі болғаны баршаға мәлім. Ардагерлеріміз онлайн режимінде, мерзімдік баспасөзде, әсіресе, өзіміздің төл басылымымыз облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінде қауіпті індеттен сақтану туралы қала тұрғындарына ескертпелерін айтып, ақыл-кеңестерін берді. 
Осы кезеңде, қиындықтарға қарамастан, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бекіткен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтаудың тұжырымдамасына» сәйкес бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Тараз қалалық әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінің алдында әскери шеру ұйымдастырды. Оған белсене атсалысқан Оңтүстік әскери округі қолбасшылығына ризашылығымыз шексіз.
Қаламызда тұрып жатқан 34 (ол кезде осынша болатын) соғыс ардагерінің үйлерінің алдынан жас сарбаздар әскери саппен өтіп, құрмет көрсетілді.  Қарт майдангерлерге Құттықтау хаттар тапсырылып, сый-сияпаттар жасалды. Оларды облыс, қала әкімдері мен олардың  орынбасарлары, облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері үйлеріне барып құттықтады. 
Жеңістің 75 жылдығында әр соғыс ардагеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Құттықтау хаты, азық-түлік себеттері мен 1 миллион теңгенің сертификаты тапсырылса, әр тыл ардагеріне 50 мың теңгенің сертификаттары беріліп, басқа да сый-сияпаттар жасалды. Әрине, оған бала мінезді, періште пейілді қариялар дән риза.   Өкінішке орай, дәл бүгінгі таңда (10.12.2021ж) қаламызда Ұлы Отан соғысының 15 ардагері қалды. Бәрі де пәтермен қамтамасыз етілген. Тегін коммуналдық қызметпен де қамтылған. 
Мұндай құрмет пен қошемет майдангерлер жесірлеріне, ардақты аналарға, көпбалалы аналарға және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына да жасалып жүр. Жоғарыда бір сөзімде «қиындықтарға қарамастан» деп едім ғой. Біз санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Жеңіс күні. Қарттар күні, Тәуелсіздік күні мерекелерінде қарияларға қошемет-құрмет көрсетуді назардан тыс қалдырған емеспіз. Әр кездерде ұйымшылдықпен өткізілген «Аналар ұлық бәрінен»,  «Қарттарға тағзым қашанда», «Жеңісті алып жеткендер», «Армысың, Әз-Наурыз», тағы басқа да тақырыптардағы іс-шаралар сөзімізге айғақ. 
Қалалық ардагерлер кеңесінде барлық салалар қамтылған тұрақты комиссиялар жұмыс істейді. Әсіресе, әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау, білім, жастар тәрбиесі, қоғамдық көлік, мәдениет, өнер және спорт, ескерткіштерді қорғау жөніндегі тұрақты комиссиялардың қоғамдық қызметтері жоғары бағалауға лайық. Осы жерде ардагерлер кеңесі жанынан құрылған билер кеңесі, аналар алқасы, әкелер кеңесі сияқты қоғамдық құрылымдардың жұмысын да атап айтуға болады.
Тұрақты комиссиялар төрайымдары Нина Жолдасбаева, Гүлнұр Губайдулинна, Людмила Чекалина, Тамара Гнатенко, Любовь Накарьяковалардың белсенділіктері жоғары. Олар қашанда өз салалары бойынша өткізілген шаралардың басы-қасынан табылады. Осы қатарда жастар ісі, автокөлік және жолаушылар тасымалы жөніндегі тұрақты комиссиялар төрағалары Мақұлбек Жанәлиев, Абдукарим Сүлейменовтердің  белсенділіктерін де жоғары бағалаймыз.
Жастар тәрбиесін жақсарту арқылы оларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндеу үнемі басты назарда.  Қалалық ардагерлер кеңесі мен «Әулие ата» қазақ ұлттық -мәдени  орталығының ұйымдастыруымен, Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілген «Ақ босағаның алтын діңгегі», «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» атты байқаулар мен өнер сайыстарының жастар үшін тағлымы зор болды.
Қалалық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған аналар алқасы (төрайымы Жанат Сарыбекова), әкелер кеңесі (төрағасы Аманқұл Ысқақов), билер кеңесі (төрағасы Сатыбалды Досымбеков) жұмысы да жанданып келеді. Кейбіреулер айтатын шығар: "Осынша толып жатқан қоғамдық кеңестердің керегі не?!" деп. Жоқ, бұл – қате түсінік. Жастар тәрбиесінде, отбасылық құндылықтарды сақтауда бұл құрылымдар  өте керек. Әсіресе, қазіргідей мың құбылған заманда. 
Қазір қаламызда бастауыш ардагерлер ұйымдарының қатары көбейіп келеді. Бұл – заңдылдық. Олардың жұмыстарын үйлестіру оңай емес. Бірақ, қиындықтан қашуға болмайды. Біздің ісіміздің ілгері басуына барынша атсалысып жүрген №4 және №10 округтік ардагерлер ұйымдары (жетекшілері Анар Досымбаева, Асан Үсенбаев) атына алғыс айтуға болады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Біздің жастық шағымыздың әндері» байқауы да өнегелі өмір мен өрісті өнерді насихаттаудың бір шарасы болды. Осының бәрінде белсенділік көрсетіп жүрген ақсақалдар, қариялар, жалпы ардагерлер қашанда қамқорлық аясында. Моральдық, материалдық қолдаулар өз алдына, олардың уақыттарын көңілді, мәнді, мағыналы өткізулері, денсаулықтары да ешқашан естен шыққан емес. Ардагерлер қала әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен еліміздің тарихи орындары мен ірі қалаларын аралап, тамашалап қайтып жүр. Оған мысалдар көп.

Ал, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарихымыздың темірқазығы» деп атаған Тараз шаһарындағы тарихи орындарға саяхат жасап тұру қалыпты жағдайға айналған. Оған қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған ұйым, мекемелер басшылығына ардагерлер дән риза.
Қалалық ардагерлер кеңесінде атқарылған істер әрқашан көпшілік назарында. Біздің ұйымымыздың қоғамдық негіздегі баспасөз хатшысы саналатын Алдаберді Мақашев ардагерлер ұйымдарындағы жылт еткен жаңалықтарды өзіміздің «Ғұмыр-Дария», республикалық, облыстық , қалалық газеттерге жолдап, атқарған жұмысымыздың ел игілігіне айналуына көп көмегін тигізуде.
Ал, менің орынбасарым Малтабар Жаманбаев есте қалар қызықты өткен іс-шаралар тураы кітапшалар щығаруды қалыпты жағдайға айналдырған. Бұл істің кейінгі ұрпаққа тәрбиелік әсері зор екенін айтып жатудың өзі артық. Біз «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 іс-шара» бағдарламасын жасағанбыз. Соның бәрі дерлік ұйымшылдықпен жүзеге асырылды. Алдағы уақытта да ардагерлер белсенділігі артпаса, төмендемейтініне сенімім зор.

 
 
Күләш Әбдікешова,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Әкімі ардагерін ардақтаған
12 апрель 2021, Понедельник
Әкімі ардагерін ардақтаған
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Indira
Indira Гости 26 октября 2024 15:24
fake jordans mh143 Reps Shoes,discountshoesmart hm819
Сотрудники
Партнеры