Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » СЕРГЕКТІКТІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН

СЕРГЕКТІКТІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН

27 апрель 2023, Четверг
85
0
Сәуірмен бірге облыс ардагерлер ұйымының қызметіне жаңа бір леп келген сияқты болды. Тараз қаласында және барлық аудандарда Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және республика ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толу даталы мерекелеріне арналған ардагерлер арасында спорттың 9 түрінен Тараз қалалық және аудандық спартакиадалар өтті. Сәуірдің басында Қордай ауданында бастау алған, айдың орта тұсында Тараз қаласы мен қалған аудандарда жалғасын тауып, күні кеше Шу ауданы мен Шу қаласында нүктесі қойылған үлкендер арасындағы байрақты бәсекелер көрермендердің және жалпы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Жетпісті алқымдағандар мен сексеннің сеңгіріне қадам басқандар әлі де болса бойларында жігерлерінің мұқалмағынын байқатты. 
Әрине, көптің аты көп. 400 мыңнан астам тұрғыны, 40 мыңнан астам зейнеткері бар облыс орталығындағы байрақты бәсекенің бәсі жоғары болды. Бұл арада айрықша атап өткерлігі – биылғы қалалық спартакиадағы кезінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде болған, пагон тағып, қоғамдық тәртіпті күзеткен ардагер құқық қорғаушылардың көптеп қатысуы көпшілікті сүйсінтті.
Қалалық ардагерлер спартакиадасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы Исмаилов қатысып, бәсекелі жарыста жеңіске жеткен аға буын өкілдерін құттықтап, сыйлықтар тапсырды. 
Қалалық жарыстың қорытындысы бойынша шахматтан ерлер арасында Айтқазы Баймурзин бірінші, Жүнісбек Серіков екінші, Телбай Садықов үшінші орын алса, әйелдер арасында Қанымкүл Бесімбай мен Елена Деребянко алғашқы екі орынды бөлісті. Ал ұлттық тоғызқұмалақ ойыны бойынша ерлер арасында Асан Үсенбаев жеңімпаз болып, Тұрар Жапаров пен Сансызбай Ахметов қалған жүлделі екі орынды өзара бөлісті. Әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Құрманкүл Садықова жеңімпаз атанды. Дойбыдан ерлер арасында В.Устинов бірінші орын, Аманжол Аманбаев пен М.Түстікбаев екінші, үшінші орындарға жайғасты. Әйелдер арасынан Ұлбала Оразбекова, Бақыткүл Қонысбаева, Венера Жабасовалар жүлдегер болды. Ләңгі тебуден Нарынбек Оңалбеков, Тәсілім Қожатаев, бильярд ойынынан Базарбай Байғанов, Ырысбек Шөкбаев, Мейірхан Сатыбалдинов, асық атудан Тұрар Жапаров, Б.Дәрібаев жүлделермен марапатталды. Үстел теннисінен ойындар тартысты өтті. Ерлер арасында Шахтыбай Байғанов, Леонид Необлявающий, Смайл Иманбетова, әйелдер арасынан Флора Ем, Вера Преданова, Ұлтай Тілеубаевалардың мерейі үстем болды. Дартс ойынынан ерлер арасында Ермекбай Жанғозаев, Әзімхан Тілешов, Асқар Арқабаев, әйелдер арасынан Светлана Канафина, Якуль Шуак, Наталья Синенко жеңіс тұғырына көтерілді. 
Ардагерлер арасындағы спорттың тоғыз түрінен жарыс бүгінгі күнге дейін облыстың барлық қаласы мен аудандарында ұйымшылдықпен болып өтті. Енді 2-3 мамыр күндері Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт кешенінде облыстық спартакиада жалауын көтеретін болады. Оған Тараз қаласы мен барлық аудандардан өздерінде өткен жарыстарда іріктелген құрама командалар қатысып, бақтарын сынайды. 
Сергектікті серік еткен, белсенді өмір сүруді дағдыға айналдырған, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп, елге танылған аға буын өкілдерінен алдағы жарыстарда жоғарғы нәтижелер күтеміз. 

"Ғұмыр-Дария" – ақпарат. 
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры