Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҮЛКЕНДЕР НАЗАРЫНДА

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҮЛКЕНДЕР НАЗАРЫНДА

14 июль 2022, Четверг
140
0

Жуырда болып өткен Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының кезекті мәжілісінде ардагерлерді қолдау және жастар арасында патриоттық тәрбие беру бағытында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысы туралы мәселе қаралды.
Мәжіліс жұмысына төралқа мүшелері, тұрақты комиссиялардың, әкелер мен аналар және билер кеңестерінің төрағалары қатысты. Мәжілісті Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Әбдікешова қысқаша сөйлеп ашты. 
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша колледж бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Гүлжамила Жұмабаева баяндама жасап, ардагерлерді қолдау және жастар арасында патриоттық тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Жүз жылдық тарихы бар оқу орны басқаларға ұқсай бермейтін, оқу-материалдық базасы қазіргі талапқа сай мұғалімдер даярлайтын беделді білім ордасы болып табылады.
Оқу орнында 900-ден астам білімгер ұстаздық кәсіп меңгеруде. Бастауыш ұйымда барлығы 88 ардагер есепте тұрады. Олармен тұрақты байланыс орнатылған. Өткізілетін іс-шараларға қатыстыру жағы қарастылылған. Жыл сайын атаулы күндерде ардагерлердің үйлеріне барып, оларды құттықтау, әрі хал-жағдайларынан хабардар болып отыру дәстүрге айналған.
Колледж басшылығы және бастауыш ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай оқытушылар мен білімгерлер арасында «Абай әлемі» атты байқау өткізілді. «Ғибрат» , «Өлең – сөздің патшасы» , «Көзімнің қарасы» аталымдары бойынша сынға түскен 30-дан астам қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. Ал, байқауға қатысқан оқытушыларға осы оқу орнының өнерлі білімгерлері жасаған кәдесыйлары табыс етілді.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мен әжемін-ұрпағын әлдилеген» атты әжелер арасындағы сайысқа қатысқан колледждің ардагер ұстазы, Қазақсан Республикасы білім беру ісінің үздігі Сенімгүл Жексембаева өз өнерін ортаға салып, мерейлі марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қарттар күнімен тұспа-тұс келген ұстаздар күніне арналған «Ұстазым-ұлағатым, үлгілі-өнегелі» атты ардагер ұстаздарға арналған мерекелік концерт бағдарламасы көптің көңілінен шықты.
«Інжу-Маржан» үйірмесінің ұйымдастыруымен белгілі жазушы Оралхан Бөкейге арналған колледжішілік көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Оған қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков қатысып, байқаудың өткізілуіне оң бағасын берді.
Ардагерлердің қатысуымен тағы да басқа тәрбиелік-тағылымдық мәні бар кездесулер жалғасын табуда.
Баяндамасын қорытындылай келе, Гүлжамила Әбдіхалыққызы ардагерлер ұйымы бар күш-жігерін мақсатты жұмыстарға бағыттап отыратындығын атап көрсетті.
Төралқа отырысында талқыланған  мәселе бойынша сөз сөйлеген қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері Н. Пірәлиева, С.Қанафина, Д.Әлиев, ұстаз-ардагер, ғылым кандидаты М.Жұмаділдаев колледж бастауыш ардагерлер ұйымының жастарға патриоттық тәрбие берудегі атқарып отырған жұмыстарына оң баға бере келе, іс-тәжірбесін оқу орындарының бастауыш ұйымдары арасында таратуға ұсыныс берді. Ұсыныс  төралқа мәжілісінде бірауыздан қолдау тапты.
Төралқа қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады. 

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі. 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры