Қарттарға камкорлық назарда болса дейміз
Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша Қордай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық билер кеңесінің төрағасы Нұржан Смағұлұлы Молдабеков баяндама жасады. (Жоғарғы суретте.)
Нұржан Смағұлұлы аудан ардагерлер ұйымдарында қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету мен оларға тұрмыстық және медициналық қызмет жасаудың сапасын арттыру бағытында атқарылып отырған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Аудан ардагерлер ұйымының қатарында бүгінгі таңда 12 мыңға жуық қарт кісі есепте тұрады. Олар 82 бастауыш ұйымға топтастырылған. Олардың арасында 3 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1 Ұлы Отан соғысы майдангерінің жесірі, 416 тыл еңбеккері, 124 Ауған соғысының ардагері, 65 Чернобыль апатын жоюға қатысушы, 32 Семей атом полигонында қызмет жасаған кісі бар. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымында 3607 мүгедек, 62 жалғызілікті қарт адам есепте тұрады,-деп айта келіп төрағаның орынбасары осы кісілерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтердің жай-жапсарына тоқталды.
Осы есеп-қисаптың барлығы аудандық ардагерлер кеңесінің компьютерлік базасында жинақталып, олардың әрқайсысына әлеуметтік парақша ашылған.
Өткен жылы аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының 11 мәжілісі, аудандық ардагерлер кеңесінің 1 рет пленумы өтіп, оларда ардагерлер өмірінің ең өзекті мәселелері талқыланған. Аудандық кеңес жанынан құрылған 4 тұрақты комиссияда қарт адамдардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларына баса назар аударылып отырады. Ардагерлерге медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі қоғамдық тыңдау арқылы талқыға түсіп, тиісті мекемелердің алдына нақты мәселелер қойылды. Әлі де болса ардагерлерге дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасы төмен. Шипажайларға жолдама алатын кезде сылтау көп, ақылы емдеу орындарына баруға қарттардың қалтасы көтермейді. Осы қиындықтарға қарамастан, 12 ардагер шипажайларға тегін барып, сауығып қайтты.
Аудандағы жалғызбасты, көмекке зәру қариялар жеке-жеке есепке алынған. Оларға аудандағы колледждердің студенттері мен жастар ұйымдары тарапынан аудандық ардагерлер кеңесінің ықпал етуімен көмектер көрсетіледі.
Жалпы, қарттарға мемлекет тарапынан кешенді әлеуметтік қолдау көрсетудің жүйесі қалыптасқан. Мемлекеттік және кәсіби мерекелерде, ораза айт кезінде, басқа да атаулы күндерде қарттарға материалдық, қаржылық, азық-түлік жағынан қолдаулар көрсетіліп тұрады.
Ардагерлердің белсенділігін көтеру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Денсаулықтың бір кепілі – үздіксіз қимылда болу, алаңсыз қарап қалмау, спортпен шұғылдану, ой еңбегін өрістету. Соңғы жылдары ардагерлер арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ауыл-ауылдарда басталып, облыс орталығында мәреге жететін бұл жарыстарға жүздеген біздің зейнеткерлеріміз қатысып, өздерінің бақтарын сынауда. Бұл арада мақсат– жеңіп шығып, жүлде алуда емес, қатысып қуат-күшті арттыруда. Спортпен айналысу ардагерлердің бір ісіне айналды бүгінде.
Баяндамасының қорытындысында Нұржан Смағұлұлы проблемалардың да бар екендігін, қарттарға қамқорлық жасауда біраз кемшіліктердің орын алып отырғандығын атап өте келе, аудан ардагерлер ұйымы бар күш-жігерін мақсатты жұмыстарға бағыттап отырғандығын атап көрсетті.
Осы мәселе бойынша төралқа мәжілісіне арнайы шақырумен қатысқан Қордай аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты қызметкері Оксана Бейбітқызы Елеусізова, Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Асқарұлы Байбеков (төменгі суреттерде) қосымша хабарламалар жасады.
Төралқада талқыланған маңызды мәселенің бірі – облыстық "Ғұмыр-Дария" газеті мен ардагерлер басылымдарына жазылудың жай-күйі болды. Бұл жөнінде облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов хабарлама жасады.
– Уақыттың тығыздығын және төралқа мәжілісінде қаралып отырған мәселенің маңыздылығын баса айтқым келеді. Облыстық ардагерлер кеңесінің "Ғұмыр-Дария" газеті жөніндегі ұстанымын Сіздер жақсы білесіздер. Газет облыс ардагерлер ұйымы қызметінің бөлінбес бір бөлшегіне айналып кетті. Оқырмандарымыз газеттің келгенін күтіп отырады. "Ғұмыр-Дария" газетін екінші жартыжылдыққа жаздыруды ұйымдастыру мәселесін бүгін тиянақты ақылдасып алуымыз керек. Әрине, уақыт тығыз, екінші жартыжылдыққа жазылу 28 маусымда бітеді. Саяси науқан дедік, референдум дедік, ардагерлер ұйымдары өзіміздің төл газетімізге жаздыру мәселесін біршама кешеуілдетіп алған жағдайлары бар. Дегенмен, етек-жеңді жинап, белсенді ардагерлерімізді жұмылдырып жіберсек, әлі де болса ардагерлер басылымына жазылу науқанын жылдағы деңгейде аяқтауға мүмкіндік бар.
Жалпы, Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылуды біршама ұйымдасқан түрде өткізді. Бірінші қаңтарға облыста тек "Қазпочта" жүйесі бойынша 5049 газетке жазылған болатын. Олардың арасында 3 айға жазылғандары бар, бұл көрсеткіш сәуір айында 4466-ға кеміді. Жалпы, жылды жақсы бастадық. Әсіресе, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай аудандарының ардагерлер ұйымдары "Ғұмыр-Дарияға" жазылуда ұйымшылдық танытты. Талас ауданы көрсеткіштерін төмендетіп алып еді, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әсемов биыл белгіленген межемен болжамды тапсырыс үдесінен шығатындығына сендіріп отыр. Бүгін есебі тыңдалып отырған Шу қаласы мен Шу, Сарысу аудандарында алғашқы жартыжылдықта жағдай төмендегідей болды. Шу қаласы 266 газетке жазылып, тапсырыстарын асыра орындады. Сарысу ауданы да 336 газетке жазылып мерейі үстем болды. Шу ауданы биыл әупірімдеп жүріп газет таралымын 300-ден асырды.
Биылғы жағдайға келер болсақ, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері межеден шығу үшін күш жұмсауда. Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы Сейітхан Жұмашев төралқа мәжілісіне тапсырысын орындап келіп отыр. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Сіздерді көзделген межеден шығады деген сенімдеміз,– деп сөзін түйіндеді Жаңабай Миллионұлы.
Төралқа мәжілісінде "Қарахан" журналының директоры-бас редакторы Сатыбалды Досымбеков сөйлеп, жиналғандарды басылымға жанашырлық көрсетуге шақырды.
Төралқа отырысына арнайы шақырылған "Казпочта" АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ұлазан Бөкейхан, филиалдың өндіріс және логистика бөлімінің басшысы Гүлмағиза Кербенова төрағалар тарапынан газет тасымалына қатысты айтылған сын-ескертпелерге нақты жауап берді.
Төралқада қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Сондай-ақ, төралқа мәжілісінде соңғы кездері сайланған бірқатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен аудандық билер кеңесінің төрағалары бекітілді.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ.
(1-2 беттердегі суреттерді түсірген Жанат АМАНБАЛА)
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)