Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫНДА : ҮЛКЕНДЕРДЕН ӨНЕГЕ КӨП

БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫНДА : ҮЛКЕНДЕРДЕН ӨНЕГЕ КӨП

10 февраль 2022, Четверг
113
0
Меркі ауылдық округінде 2 мыңнан астам зейнеткер мен соғыс ардагері бастауыш ұйымға топтастырылған. Олардың екеуі – Ұлы Отан соғысының, 70-тен астамы – тыл ардагері, чернобылдықтар – екеу, Семей полигонында әскери қызмет атқарғандардың саны – 38. Ауылда ардагерлерге медициналық көмек көрсетілу тиісті деңгейде. «Меркі-Мейірім» емдеу-сауықтыру орталығына 10 ардагерге, «Сарыағаш» шипажайына 83 қарт адамға тегін жолдама берілді. 
Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы аясында демеушілердің көмегімен  жалғыз басты көпбалалы әке Шойынбаев Нұрғазыға 3 бөлмелі үй салынып берілді. 
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында  бір көшеге ағымдағы жөндеу, көшелерге асфальт төселіп, Сарымолдаев көшесінен №39 жалпы білім беру мектеп гимназиясына  дейін түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.  Есімбеков көшесін толығымен  жөндеу мақсатында жобалық- сметалық құжаттамалары әзірленіп,  аудан әкімдігіне  жолданды. 
Басқа да жүзеге асырылған жұмыстар көп. Барлығының басы-қасында ардагерлер бастамашы болуда. Биылғы жылы қазан айында аудан әкімдігінің спорт бөлімімен бірлесе отырып Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ардагерлер арасында футболдан және жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырылды. Ардагерлер арасынан 8 команда  футбол турниріне қатысып, 1-ші орынды Ойтал, 2-орынды Жаңатоған, 3-ші орынды Андас Батыр округтері иеленді. Оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан жарыс та өткізілді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, шынында да ардагерлер елдің тұтқасы екенін естен шығармауымыз керек. Біз дұрыс жүрсек, біз дұрыс жол нұсқасақ, ұрпағымыз да  солай өсіп-өнеді. Сондықтан, «мен – қартпын» деп қол қусырып қарап отырмай, халықпен біте қайнасып, үлкендігімізді көрсетудеміз. 2022 жылға ардагерлер арасында  үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, 90 дана «Ғұмыр-Дария»  газетіне, 2 дана «Қарахан» журналына жазылдық. Қазақта «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген мақал бар. Биыл ардагерлердің алдында Сыпатай батыр бабамыздың – 140, Асанбай  Асқаров ағамыздың 100 жылдық мерейтойларын атап өту міндеттері тұр. 
Осындай игі мақсаттағы іс-шараларды өткізуге бағыт ұстап отырғанымызда, қаңтарда орын алған ел өміріндегі ең бір қасіретті оқиға көңілге қаяу түсірді. Бұл әлеуметтің әділдік талап еткен жай бас көтеруі немесе бейбіт шеру емес. Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігіне жасалған қастандық. 
Бүлікшілердің арандауына ерген елікпе жастарды ауыздықтауда күштік құрылымдар дәрменсіздік танытқаны өкінішті! Іштен шыққан жау жаман, мемлекет тұтастығы мен ел бірлігін іштен іріту көзделгені көрініп тұр. 
Міне, осынау сын сағатта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс шешім жасады. Терроризмге тосқауыл қойылды. Қазір қаңтар қасіретінің салдарын зерттеп-зерделеу мен бүлікшілерді анықтау, ел ішін арам пиғылдылардан тазарту, бүлінгенді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ардагерлер ел арасында тыныштықты сақтау, Тәуелсіздікті бағалау,бақытты өмірді баянды ету жөнінде өткізілген жиындар мен басқосуларда салиқалы ойларын ортаға салуда. Бұл жөнінен ардагерлер ықпалды күш. Олар қолға алған іс нәтижелі болары сөзсіз. 

Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ,
Меркі ауылдық округі.
ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Меркі ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Асарлатқан ауылдар
29 июль 2020, Среда
Асарлатқан ауылдар
Алғыс
16 август 2021, Понедельник
Алғыс
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры