Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗ ІСТЕРДІҢ ЗАҢДЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫСЫ

ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗ ІСТЕРДІҢ ЗАҢДЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫСЫ

14 декабрь 2021, Вторник
150
0
– Ең алдымен Сізді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, өзіңізге бірнеше сұрақ қойғым келіп отыр. Сіздің ойыңызша, Тәуелсіз -дік жылдарындағы елдің ең басты жетістігі неде деп ойлайсыз? 

– Біріншіден, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!. Мен үшін Тәуелсіздік ол – еркіндік, бейбітшілік, бостандық, бақыт, болашақ. 
«Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! 
Батырлар дүрілдеп өткен жер. 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер»,- деп қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші! Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, ашаршылық заманды да, табиғаттың дүлей күшін де, бәрін-бәрін көрді. 
1991 жылы желтоқсанда еліміздің Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланып, еліміздің шынайы тарихының жаңа парақтары ашылды. Егемен еліміздің Конституциясы қабылданды. Әлем елдерінің тізімінде жаңа мемлекеттің аты жазылды. Ғасырлар бойына Тәуелсіздікті армандап келген ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды. 
Тәуелсіздік таңының атуында зор рөл атқарған Елбасының осы жылдар аралығында ұстанған сындарлы саясатының, халқымыздың маңдай терін төгіп жеткен қажымас еңбегінің арқасында еліміз қандай қиын сын-өткелдерден сүрінбей өтіп, қазір өркениетпен бірге дамып, әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ұмтылуы – өткен отыз жылдағы тамаша жетістігіміз. 
Биыл еліміз төл Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын тойлап, елдігіміз бен ерлігімізді ұлықтап, батыр да абыз бабаларымыздың өлшеусіз еңбегі мен өнегелерін көкке көтеріп жатыр. Бұл, әрине, ең біріншіден өздерің сияқты жас буынға үлкен тағлым мен өнеге. Қариялар, алдыңғы толқын аға буын өкілдері елге тілекші болса, жастар - елдегі жасампаз істердің заңды жалғастырушысы.
Ел Тәуелсіздігі мен Елбасы - егіз ұғым. Сондықтан, жас ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біліп, Елбасының Тәуелсіздікті тұғырлы, Егемендігімізді ғұмырлы етудегі ерен еңбегін жоғары бағалай білуі керек деп санаймын. 

– Сіз өмір бойы елдің дамуына атсалысып, түрлі салада басшылық қызметтерде болған екенсіз. Өмірдегі ең басты жетістігіңіз және жастарға беретін ақыл-кеңесіңіз қандай?

-Мен өмірдегі басты жетістіктерімнің ерінбей еткен еңбекпен келгендігін айтуға тиістімін. 41 жылдан астам уақыт қаржы саласында қатардағы инспектордан бастап, оның 27 жылында басшылық қызметтер атқардым. Біздің буын – ел өміріндегі аса бір сұрапыл, қиын-қыстау жылдарда туып-өскен ұрпақ. Мен де көптеген қиыншылықтарды бастан өткеріп, еңбекпен есейдім. Содан бері еңбегімді туған еліме, Отанымның гүлденуіне арнадым. Бүгінде ақсақалдық абыройлы  85 жасқа аяқ бастым. Бар саналы ғұмырымды Қазақстанның дамуына арнап келемін. Зейнетке шыққаннан кейін 1999-2003 жылдар аралығында бұрынғы «Отан», қазіргі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ең алғашқы атқарушы директоры болдым. 2003 жылдан 2018 жылдың мамыр айына дейін Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқардым. 
Ұзақ жылдар елдің дамуы мен халық үшін атқарған адал еңбегім үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен бес мәрте марапатталдым. Екі мәрте «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасымен, Жамбыл облысы әкімінің, Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет Грамоталарымен бірнеше рет марапатталып, 2013 жылы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты облыстық патриоттар форумында «Асқақ азаматтық» номинациясын иелендім. Сонымен қатар, 1982 жылы «КСРО қаржы саласының үздігі» төсбелгісін кеудеме тақтым. 
Одан бөлек, Астана қаласының 10 жылдық, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты мерекелік медальдарын алғанмын. 1997 жылы Жуалы ауданының Құрметті азаматы атандым.  2014 жылы Жамбыл облысының Құрметті азаматы, 2018 жылы Жамбыл облысының Құрметті ардагері атақтары берілді. Тағы бір атап өтерлігі, мен 2003 жылы аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын қабылдап алғанымда, ауданда 168 Ұлы Отан соғысының ардагері бар болатын. Сол кісілердің 48-іне ардагерлер кеңесінің ұсынысымен Жуалы ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 31 ардагерге бірден осындай атақ берілген болатын. Ардагерлердің мерейтойлары аталып өтіліп тұрды. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының - 100, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 60, 70, 80 жылдық мерейтойларының республикалық деңгейде аталып өтуіне атсалысқанымды әрдайым мақтан етемін. 
Ата-бабамыздың  қанымен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты  тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Сондықтан, жастарға тек адалдық, адамгершілік сияқты қасиеттермен қатар, "өз еліңнің патриоты, иманды болыңдар, бір-бірлеріңді сыйлай біліңдер, еңбек етіңдер, жалқау болмаңдар, сол еңбектің арқасында жақсы өмір сүріңдер!" дегім келеді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болатынына мен кәміл сенемін. Еңбектерін ел болашағына арнап, талаптанып жүрген жастарға аталық ақ батамды беремін.

Әңгімеңізге рахмет!

Роза МҰРАТАЕВА,
№2 Мыңбұлақ орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
"NUR Otan" партиясы бастауыш
ұйымының  төрайымы.
Жуалы ауданы.

Обсудить

Похожие материалы:

Батагөй қария
10 ноябрь 2021, Среда
Батагөй қария
Атакәсіп
25 август 2021, Среда
Атакәсіп
Абай-дара, Абай-дана
28 август 2020, Пятница
Абай-дара, Абай-дана
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры