Батагөй қария
«Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының санасына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында 1-30 қазан аралығында онлайн-акция өткізді. Акция аясында атқарылған жұмыс жайында әлеуметтік желілерде 1 700-ден астам бейнеролик жарияланды.
Бейнероликтерде аға буын өкілдері өздері туралы, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және Елбасының егемен елді қалыптастыру, дамытуға қосқан еңбегі, баға жетпес үлесі туралы айтып, жастарға тілегін білдірді. Акцияға «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Аягүл Миразова, қоғам қайраткері Асылы Осман сынды елімізге еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері қатысқан болатын.
Онлайн-акция байқауының нәтижесінде біздің өңірден батагөй ақсақалымыз Аманжол Дүрәліұлы еліміз бойынша 30 жеңімпаздың қатарынан көрінді.
Осы орайда облыстық «Jas Otan» жастар қанатының көшбасшылары ардагер ақсақалмен кездесу өткізіп, сүбелі сұхбат құрды. Ақсақалдың еңбек жолына қанығып, батасын алды.
Кездесу соңында Аманжол ақсақалға арнайы Алғыс хат пен гүл шоқтары және «Jas Otan» жастар қанатының 100 мың теңге қаржылай сыйлығы табыс етілді.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)