Алғыс
Жасы ұлғайған кісіге не керек? Ең алдымен денсаулыққа демеу боларлық жағдай болса деп ойлаймын. Қанша дегенмен ұзақ өмір сүрген адамның әр жерінде ақау болуы өмірдің заңы ғой. Жақында Байзақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жолдамасымен Мерке ауданындағы "Мейірім-Меркі" шипажайында ем-дом алып, демалып, сауығып қайттым. Айтары жоқ, шипажайда демалушыларға барлық жағдай жасалған екен. Медицина қызметкерлерінің жұмысына риза болдық.
Шипажайдың орналасқан жері де табиғаттың тамылжып тұрған сұлу мүйісі екен. Демалып жатқандардың көпшілігі қариялар болып шықты. Сыйымдылығы 90 адамға есептелген. Шипажайға кіреберісте екі шүмектен асқазан, бауыр, бүйрек қызметтерін жақсартатын минералды су үздіксіз ағып тұр. Кірген-шыққанда бір жұтым суды пайдалансаң, артық болмайды. Әр бөлмеде екі демалушыдан жаттық. Теледидар қойылған, жуынатын жері бөлек. Емшаралар қатаң бақылауға алынған.
Байқағаным, шипажайға біздің облыстан бөлек Алматы қаласы мен Атырау, Маңғыстау облыстарынан келіп жатқан демалушылардың қатары көбірек көрінді. Ем алып жатқан кісілерге мәдени қызмет көрсету жақсы жолға қойылыпты. Әсіресе, сырттан келушілерге Тараз қаласына барып Айша-бибі, Бабажда-Хатун, Тектұрмас, Қарахан баба кесенелеріне зиярат жасап, тарихи орындарды саяхаттауға мүмкіндік жасалған. Меркі тау шатқалына барып, табиғат көріністерін тамашалауға да мүмкіндік туды.
Ал,енді, шипажайдың негізі қызметіне келер болсақ, алғашқы келген бетте демалушыларды емдеуші дәрігер Несіпкүл Матайқызы Сүйімқұлова жеке-жеке қабылдап, сұхбат өткізіп, ауру-сырқауыңызды сұрап біліп, ем-дом шараларын белгілейді. Минералды сумен емдеу бөлмесінде Татьяна Казакова, парафинмен емдеу бөлмесінде Бақыткүл Қалшаева, физиотерапиялық емдеу бөлмесінде Эльмира Хаматова мен Шахрезида Әбдікерімова, денені уқалау арқылы емдеуде Данияр Битанов пен Даниэл Лукьянов және басқалар емделушілерге тік тұрып қызмет етті.
Жалпы, онкүндік ем алғанымызда ағзамыз кәдімгідей тазарып, жүріс-тұрысымыз жөнге келіп, көңіліміздің көтерілгендігін ерекше атап өткім келеді. Табиғат аясында, тау қойнауында орналасқан шипажай қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ем алушыларға деген ілтипаты бізді риза етті. Ем алушы бір топ азаматтар "Ғұмыр-Дария" газеті арқылы ризашылығын білдіруді сұранып еді. Сол аманатты орындап отырмын.
Айтмағанбет ТЫШҚАНБАЕВ,
Қазақстан Республикасы
білім саласының үздігі, ардагер ұстаз.
Байзақ ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
04 октябрь 2024, Пятница
СЫЙ СИЯПАТ
01 октябрь 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
01 октябрь 2024, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)