Әлеумет

Қаратау қаласында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов пен облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясовтың, Талас ауданына қарасты 13 ауылдық ардагерлер кеңестерінің, Қаратау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ, аудандық аналар, әкелер билер кеңестері төрағаларының қатысуымен келелі кеңес өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов аудан ардагерлер ұйымдарында атқарылып жатқан игілікті істермен облыс ардагерлерінің төл басылымы– "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылу барысы жөнінде айтты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қамысбай Сауқымов хабарлама жасады.
Қ.Сауқымов өз кезегінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы жөнінде, ата-аналардың өз балаларымен тәрбиелік бағыттағы жұмыстары, бала тәрбиесіндегі кемшін тұстар мен олардың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталып, ардагерлерді осы жұмысқа белсене араласуға шақырды.
Келесі кезекте сөз алған Талас ауданына қарасты Ойық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы да жастар тәрбиесіне көңіл бөлуді бір сәт те естен шығармау керектігін, жасөспірімдерді тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды жандандыру өзекті тақырып екенін, рухани байлықты бойларына сіңіру арқылы кемел болашақтың білімді де саналы азаматтарын тәрбиелеу қажеттігін тілге тиек етті.
Ал, Талас аудандық билер кеңесінің мүшесі Медет Құдайбергенов қазіргі жас отба-сылар арасында ажырасудың етек алғандығын, бұл бағытта билер кеңесі отбасы тұтастығын сақтап қалу үшін көптеген оң істер атқарып жатқандығын баяндады.
Талас ауданына қарасты Қаратау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Түзелбек Рақышұлы да өз ойын ортаға салды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов ауылдарда облыс әкімінің "Асарлатып үй салу" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қоғамдағы құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, ел бірлігін сақтау жолында ардагерлер атқарар міндеттерге тоқталды .
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов Талас ауданының киелі де берекелі өлке екенін, осыған орай мұнда қыруар тірліктердің іске асып жатқандығын айта келіп, алда атқарар міндеттерге тоқталды. Сондай- ақ, Ж.Миллионов "Ғұмыр-Дария" газетінің бас редакторы ретінде аталған басылымға жазылу барысын сөз етіп, жазылым маусымында белсенділік танытуға шақырды.
Ардагерлердің кейбір ауылдарда пошта жұмыс істемейтіні, осыны бір қалыпқа келтіру жөніндегі сұраныстарына да тұшымды жауап қайтарып, бұл мәселені жоғарғы билік өкілдеріне жеткізетіндігін айтты.
Жалпы, бұл жиыннан бастауыш ардагерлер ұйымдарының төр-ағалары мол мағлұмат алып, жаңа, тың тіршіліктерге үлкен жігермен кірісетіндіктеріне сендірді.
Гүлназия СЕРИКБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
3-курс студенті.
Талас ауданы
Обсудить
Блок в статье:
руханият
13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат
13 июнь 2025, Пятница
Өнеге
13 июнь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (1)