Игі бастамалар жемісі
Шын мәнінде соңғы жылдары Жуалы аудандық ардагерлер ұйымын көшбасшылар қатарынан көріп жүрміз. Жақында болған аудандық ардагерлер кеңесінің пленумында бұған тағы да айқын көз жеткізгендей болдық.
Жуалылық белсенділер пленумға үлкен дайындықпен келіпті. Жуалы аудандық билер, аналар, әкелер кеңестерінің жұмыстары туралы үш кітапша жасалып, пленум мүшелеріне тегіс таратылыпты. Аудандық кеңес төрағасының баяндамасы да алдын ала дайындалып, мәтіні қатысушыларға беріліпті.
Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы Мұртаза, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов қатысқан пленумда аудан ардагерлер ұйымының 2024 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы мәселе талқыланып, бұл жөнінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев баяндама жасады.
– Ауданда 6189 зейнеткер бар болса, оның 5517-і ардагерлер ұйымының есебіне алынған. Қатарымызда соғысқа қатысушылар жоқ, тыл еңбеккерлерінің қатарында 103 кісі бар, сондай-ақ бізде 12 Чернобыль апатына қатысқандар, 73 Семей ядролық палигонында зардап шеккендер, 15 Таулы Қарабах, Ирак, Тәжікстанда болған ұрыс қимылдарына қатысқандар, 40 ауған соғысының ардагерлері есепте тұрады. Біздің ұйым биыл кезекті рет облыс бойынша көш бастап, облыстық ардагерлер кеңесінің жақында болған пленумында арнайы сыйлықпен марапатталды,-деп сөзін бастаған Сейтхан Жұмашев одан ары қарай аудандық және бастауыш ардагерлер ұйымдарында атқарылып жатқан бүкіл қоғамдық жұмыстарға, өткізіліп жатқан іс-шараларға кеңінен тоқталды. Өз сөзінде төраға газет-журналдарды межелі жерлеріне жеткізуде "Қазпошта" АҚ аудандық құрылымы басшылығының атына өткір сын-ескертпелер айтты.
Пленумда аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек Үсенбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Эльмира Даниярова, "Қазпошта" АҚ-ы аудандық пошта торабы басшысының орынбасары Алуа Мамаева, Жуалы аудандық мешітінің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев, Билікөл ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Еңсебек Әбсалямов, Жуалы аудандық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерғали Тілеубеков сөз сөйледі.
Пленумда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов, Жуалы ауданының әкімі Жалғас Әлижанұлы Мұртаза сөз сөйледі.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)