Баспасөз
Біз де бала болғанбыз, мектеп партасында отырғанбыз, ұстаздарымызды ұйып тыңдағанбыз, солардан үлгі-өнеге алып өскенбіз. Біздің әдебиет пәнінің мұғалімі өте сауатты кісі болды. Әдебиеттен дәріс оқығанда мектеп бағдарламасынан шығып кетіп, қазақ әдебиетінің майталмандары туралы тамылжыта әңгіме айтатын. Қолынан газет-журналдар түспеуші еді. Күнделікті басылымдарды оқып отыруды бізге де үйрететін. Ал, енді жазғы каникулға шығып бара жатқанымызда мерзімді басылымдарды, әдеби кітаптарды көбірек оқуды тапсыратын. Жазғы демалыстан күзде алтын ұя – мектебімізге оралғанда ала жаздай не оқып, не тоқығанымыз туралы жеке-жеке сұрайтын. Бұл, енді, біздің заманымыз еді.
Ал, қазір қалай? Оқушыларды айтпағанның өзінде, ұстаздардың өзі газет бетін ашпайтын болды. Газет дегеніміз – білген адамға ғылым мен білімнің қосымша қайнар бұлағы, рухани қазына. «Қазақ әдебиеті», «Айқын», өзіміздің «Ғұмыр-Дария» газеттерін оқығанда кәдімгідей рухани демалып қаламыз, ішкі жан дүниеміз байығандай сезінеміз.
Бүгінде қазақ баспасөзіне ауыр тиіп тұр. Бұрын, расы керек, билік көмектесетін, баспасөзге жазылу кезінде қолдау көрсететін. Менің білігімше, кешегі Кеңестік заманда да, бүгінгі тәуелсізідк заманында да билік адамдарды мәжбүрлеп газетке жаздырған емес. Бірақ, газетке жазылуды ұйымдастыратын, ұжымды жинап алып ұғындыратын, сөйтіп газетке жазылуға ықпал жасайтын.
Басқа салалардағы қызметкерлер туралы айтпай-ақ қояйын, соңғы жылдары ұстаздар қауымының газетке жазылуына өшігіп алғандар көбейді. Әрине, бір мұғалімге бес-алты газет-журналды жаздыруға мәжбүрлеп жатса сөз басқа. Ал, енді, бейіміне қарай, қызығушылығына қарай әр мұғалім бірер газетке жазылуына болады ғой. Қалтасынан пұл шығарып газетке жазылғаннан кейін қанша бір санасыз болса да оның бетін ашып оқиды. Қосымша ақпарат алады, білгеніне білім қосылады, ойлау қабілеті кеңиді, ақыр соңында миы үздіксіз жұмыс істейді. Көбірек біледі. Ал, көп білген адамның мерейі үстем болады.
Түсініксіз көп нәрселер жүріп жатыр. Қазір кейбір уәкілетті органдар газетке жазылатындармен күресіп жатыр. Газет – менің түсінігімде рухани тауар. Оны кез-келген адам сатып ала алады. Сөйтіп, одан рухани қуат алады, күш алады, білім, білік көкжиегін кеңейтеді. Әсіресе, жас ұстаздар үшін газет-журнал оқымау оларды қараңғылыққа, түптеп келгенде топастыққа алып келеді. Өзінің сыныптағы балаларының алдында екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмай тұрған, ой-өрісі таяз мұғалімнен не күтуге болады? Мұғалім ізденуі керек деп жатамыз. Ізденудің жолы көп, соның ең бастысы – мерзімді басылымда жатыр. Одан жаңалық алады, тың ақпарат алады, өткеніміз бен бүгініміз туралы материалдарды оқып біледі. Мейлі ол физика, химия, математика пәнінің, кез-келген басқа пәндердің маманы болсын. Айналып келгенде ол оқушылардың алдында сөйлеуі керек, дәлелді айтуы керек. Ал, оның бойында білім-пайымы төмен болса, сөз қоры жеткіліксіз болса, одан қандай ұлағатты ұстаз шығады?!
Менің айтарым, баспасөзге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Мерзімді басылымдарды күнделікті оқымай көкірек көзіміз ашылмайды. Ал, біздер, ұстаздар қауымы сондай болсақ, біз оқытқан балалар қандай болмақ. Көптен ойда жүрген осы бір маңызды мәселе туралы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптестермен ой бөліссем деп едім.
Мәдина КЕНЖЕТАЕВА,
қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
ардагер ұстаз.
Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)