
Кордай ауданы Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде «BAYTAQ» жасылдар партиясының өкілдері Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті. «BAYTAQ» жасылдар партиясының мақсаты – өсімдіктермен жануарлар дүниесін қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ саяси жұмыс әдістерін қолдану арқылы азаматтық қоғам институттары дамыған, қазіргі заманға сай бәсеке қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық тұрғыдан қуатты, демократиялық, зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.Кездесу барысында Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет модератор болып, «BAYTAQ» жасыл партиясының қысқаша тарихымен таныстырды. Сонымен қатар жиналысқа Қордай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Байшымыров, «Аналар алқасы» кеңесінің мүшесі А.Нуралина, Әлжа

н ана ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Абдиматов және кеңес мүшелері қатысты. «BAYTAQ» партия төрағасы Азаматхан Сайлаухан, Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Шәріпханұлы және Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Баймұратов жастардың сұрақтарына жауап беріп, партияның жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, партия Бюро мүшесі Серік Мамыртайұлы тұрғындармен пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады.
Кездесу ашық дилог форматында өтті. Қатысушылар түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап, өз көзқарастарын білдірді. Жиналған ұсыныстар мен пікірлер «BAYTAQ» партиясының өңірлік саясатты дамуына және болашақ бастамаларды қалыптастыруына негіз болмақ.

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі