«Тәртіпті өзіңнен баста!»
Бүгін, 16 қаңтар күні, Қордай ауданының Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбындағы Форум өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, ауданының аға прокуроры С.Сапарбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет, қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Молдабеков, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты А.Ашимова, «AMANAT» партия филиалының төрағасы Б.Жамангозов, аудандық мәслихат депутаттары, совхоз аймағының а/о ардагерлер, Билер, Әкелер және Аналар кеңесінің төрағалары, мектеп оқушылары, колледж директорлары, полиция қызметкерлері қатысты. Ашылу, және спикерлермен таныстыру жүргізуші-модератор Д. Сүгірбай таныстырып шықты. Форумның арасында жастарға арналған идеологиялық ролик, есірткіге қарсы, интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары туралы бейнеролик көрсетілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет өз сөзінде ауданының ардагерлері ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған әрбір бастаманы қолдап келеді деп айтты. Ардагерлер кеңесінің атқаратын істерінің бірі-ол жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бала бақшаларда дәстүр салтымызды насихаттау, мектептерде оқушыларды тәртіпке үйрету, құқық бұзушылықтан сақтау, тұрғындар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Осы жұмысқа атсалысуға барлықтарды шақырды!
Қордай аудандық Ардагерлер кеңесі
Обсудить
Блок в статье:
ҚАРТТАН ҮЙРЕНГЕН БАЛА КӨПКЕ ДЕЙІН АДАСПАЙДЫ
18 январь 2025, Суббота
Өнеге сағаты
17 январь 2025, Пятница
Ардагерлер үйін салу мәселесін көтерді
17 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)