
Бүгін, 19 қыркүйек күні, Қордай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет Қордай ауданының «Құрметті азаматы», «Құрметті ардагері», Қордай ауылының белсенді жеке кәсіпкері Подшибякин Владимир Петровичті 70 жас мерейтойымен құттықтады, сонымен бірге Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаевтың құттықтауын жеткізіп, кеудесіне Жамбыл облысының «Құрметті Ардагері» төс белгісін тағып, марапаттап, дәстүр бойынша шапан кигізді.

Қордай аудандық Ардагерлер кеңесі