Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «Ақ бата» байқауы

«Ақ бата» байқауы

21 май 2025, Среда
26
0
Жамбыл облысы Жуалы ауданының мәдениет үйінде аудандық «Ақ бата» байқауы өтті. 
Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның Жуалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан ақсақалдарының арасында «Ақ бата» байқауы өтіп, оған ауылдық округтерден батагөй қариялар катысты.
Байкаудағы өткізудегі мақсат та біреу. Ол ауыз әдебиетінің үлкен саласы, сөздің асылы, ақ тілектің атасы, бата беру дәстүрін жас ұрпакка жеткізу және жалғастыру, тілі шешен, аузы дуалы, сөзі уәлі, көпті көрген данагөй қарттардың өнегелі өмірін қоғамға үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету. 
Жалпы байқауға ауданға қарасты ауылдық округтерден 11 үміткер қатысып, «Достық» мәдениет үйіне жиналған жұртшылыққа бата беріп, халықтық салт-дәстүрлерден сынға түсті.

Батагөй қариялардың арасындағы сайыс - «Бата - сөздің атасы», «Ақ бата -асыл мұра» және «Айтарым бар...» деп аталатын үш кезеңнен тұрды. Алдын ала жасакталған қазылар алқасы батагөйлер беретін батаның ой тереңдігі мен мазмұнына, сахна мәдениетімен қатар, батаның берілу шарттарына да баса назар аударды.
Бата беру сайысында ой тереңдігі мен шеберлік сынға түсіп, қазылар алқасының шешімімен байқаудың бірінші орны Б.Момышұлы ауылдық округінен сынға түскен қария Мұратқали Рахметовке берілді. Екінші орынның жүлдесі Көкбастау ауылдық округінің намысын қорғаған үміткер Ербол Помашовқа берілсе, ал Ақсай ауылдық округінен қатысқан батагөй Мақұлбек Қуанышбеков үшінші орынға ие болды. Батагөйлер байқауының жеңімпаздары мен барлық аудандық ардагерлер кеңесінің Дипломымен бірге, бірінші орынға телевизор, екінші орынға кілем, үшінші орынға шаң сорғыш және барлық батагөйге заттай сый-сияпат жасалды. 
Байқау жүлделері мен қатысушыларын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев, қазылар алқасының мүшелері Сейітқазы қажы Медетбеков және Дәулетжан Байдалиев марапаттады.
Обсудить
Блок в статье:
КЕЗДЕСУ 21 май 2025, Среда
Құрмет 21 май 2025, Среда
Құрмет 21 май 2025, Среда

Похожие материалы:

ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
06 июнь 2023, Вторник
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
15 июль 2024, Понедельник
БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
08 июнь 2023, Четверг
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?
11 май 2023, Четверг
БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?
Ұлттық бағдарламасы өткізілді
08 сентябрь 2024, Воскресенье
Ұлттық бағдарламасы өткізілді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры