Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР

БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР

08 июнь 2023, Четверг
119
0
Қазақы құндылығымыз, дәстүр-салтымыз ақ сақалды қарияларымызбен бағалы. Біз оны   облыс әкімдігінің қолдауымен,  облыстық ардагер кеңесі және билер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқау барысында тағы да аңғардық. Іс-шараны облыстық мәслихаттың төрағасы   Абдалы Нұралиев ашып, бата берудің терең тағылымына тоқталып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Облыстық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев: «Бата – ауыз әдебиетінің бір нұсқасы. Тереңнен сүзіп алынған інжу-маржандай сөздер биік парасатқа үндейді. Аузы дуалы, сөзі уәлі қариялар барлық істе де белсенді. Бүгінгі байқаудың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Облыстық билер кеңесі, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері іс-шараға ерекше дайындықпен келді. Баталы қарияларға байрақты бәсекеде табыс тілеймін» деді. Қазылар алқасына  Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы  Жаңабай Миллионов басшылық етсе,  Ақпарат саласының үздігі Алпамыс Қазыбаев, медицина ғылымдарының докторы Сағындық Ордабеков,  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілхан, облыстық «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев осы құрамнан табылды.

Тағылымы мол байқауға Тараз қаласы және барлық аудандардан жүзден жүйрік шыққан 11 үміткер қатысып, өздерінің айтып жүрген баталары, ел есіндегі белгілі тұлғалардың батасы және салт-дәстүрге қатысты бата түрлері бойынша сынға түсті. Алғашқы өз батасын беру кезеңі бойынша барлық үміткерлер жақсы өнер көрсетті. Ешкім орта жолда сүрініп қалмады. Екінші кезеңде Төле би, Бөлтірік шешен, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұханов, Бауыржан Момышұлы берген баталар бойынша аталардың шеберлігі сыналды. Бұл кезеңде Төле бидің батасын керемет бере білген шулық Жайлаубек Қалиев,  Бөлтірік шешен батасын айтқан жуалылық Сейітқазы Медетбеков ерекше көзге түсті.  Батагөй қариялардың арасынан жамбылдық Орынбай Рысбаевтың, тараздық ғалым Исан Тілегеновтың, 88 жастағы құландық Тұрсынбай Елубаевтың, таластық Әділхан Тойшымановтың шешендіктеріне көрермендер дүркін-дүркін қол ұрып, қошемет көрсетіп отырды. 
Байқау барысында Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Ғани Мәтебаев, Мадина Сағынбекова және «Асыл аналар», «Әулиеата» ансамбльдері әннен шашу шашты. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 
Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қорытындылап, облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің батагөй ақсақалдарға жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, Еркін Құлымбайұлы аталған байқаудың бас жүлдесін иеленген жуалылық Сейітқазы Медетбековке 400 мың теңгенің серификатын және бірінші дәрежелі дипломын табыс етіп, «Ең үздік батагөй – 2023» лентасын тақты. Бірінші жүлде Шудағы Төле бидің жайлауынан келген Жайлаубек Қалиевке бұйырды. Бірінші жүлдені «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермұханбет Жұмабек табыс етті.  Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев екінші жүлдеге ие болған тараздық Исан Тілегеновты, үшінші орынды иеленген Жамбыл ауданының қариясы Орынбай Рысбаевты дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапаттады. Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева арнайы жүлдені Т.Рысқұлов ауданынан қатысқан үміткер, 88 жастағы ақсақал Тұрсынбай Елубаевқа табыстады. Батагөйлердің облыстық байқауына қатысқан барлық ақсақалдарға ақшалай ынталандыру сыйлықтары және облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттары табысталды. 
Қазіргі таңда бата бере алатын ақсақалдар азайды. Жасы үлкендердің барлығы бірдей өздерінің қоғамдағы және ұрпақ алдындағы міндеттерін сезіне бермейді. Сондықтан, мұндай бата беру байқауларын ұйымдастырудың мәні бөлек. Аталған байқаудың аудандық, ауылдық кезеңдеріне екі жүзден астам ақсақал  қатысқанын атап айтуға тиістіміз. "Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек..." деп Шәкәрім байқаудың жоғары деңгейде өтуіне облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек ерекше еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн.
Мұндай тәрбиелік мәні бар іс-шара алдағы жылдары да жалғасын табады. Байқаудың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын жүзден жүйрік шыққан Сейітқазы Медетбеков қорғайтын болады.

Есет ДОСАЛЫ,  
журналист


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
АЛТЫ АРУ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛДЫ
10 март 2023, Пятница
АЛТЫ АРУ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛДЫ
Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры