Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ардагерлермен ақылдасты

Ардагерлермен ақылдасты

01 июль 2022, Пятница
112
0


Жаңа Қазақстанның жаңа идеологиясы қалай жүргізілуі керек? Облыс әкімінің жаңадан тағайындалған идеология жөніндегі орынбасары Еркін Құлынбайұлы Үйсінбаев "Ардагерлер орталығы" ғимаратының мәжіліс залында облыстың белсенді ардагерлерімен  болған кездесуде осы сұрақ төңірегінде ой өрбітті, қариялардың ақыл-кеңесіне құлақ түрді, өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
Облыс әкімінің су жаңа орынбасарының алғашқы жұмыс аптасында ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуін қариялар құп алды. Облыс әкімінің орынбасары өзінің кіріспе сөзінде алдағы уақытта ардагерлер ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқаратындығын мәлім етті. 
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы  Солтыбаев облыс ардагерлерінің қашанда жақсылықтың жаршысы болып, бағалы бастамалардың жанынан табылып жүретіндігін тілге тиек етті. 
Кездесуде сөз алған жазушы-драматург Елен Әлімжан, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов, ақын Ғайни Әлімбекқызы тәрбие жұмысындағы орын алып отырған олқылықтарға тоқталды. Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев медицина саласындағы кейбір проблемалар туралы айтты. Облыстық "Aq jol" газетінің бас редакторы Хамит Есаман ақылман қариялардың ойлы мақалаларына басылым бетінен орын дайын екендігін жеткізді. 
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлынбайұлы көтерілген мәселелер бойынша өзінің  байламдарын жеткізіп, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдеріне өзінің есігі әркез ашық екендігін мәлім етті. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Тұсаукесер
29 сентябрь 2021, Среда
Тұсаукесер
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры