Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Тұсаукесер

29 сентябрь 2021, Среда
138
0
Уақытты уыста ұстап тұра алмаймыз. Кеше ғана жарқылдап ортамызда жүрген арыстай азаматымыз, белгілі жазушы-драматург, журналист һәм журналистиканың және өнердің білікті ұйымдастырушысы Болат Бекжановтың да өмірден өткеніне жылға жуықтапты.  Артында өлместей шығар-машылық мұра қалдырған Болаттың атын елі ұмытпақ емес. Жақында Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында жазушының өмірінің соңғы кезінде жазған "Абай – Ақмай" пьесасы мен "Қазақстар" поэмасы кірген кітабы мен Болаттың аға-інілері, жақын туыстары,  шәкірттері жазған естеліктерден құрастырылған "Біздің Болат" жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Қос кітаптың тұсаукесер рәсімін Болаттың шәкірті, белгілі журналист Ерман Әбдиев жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Сара Мәдиева қатысып, сөз сөйледі. 
Болат Үмбетәліұлы – сан-салалы, сегіз қырлы, бір сырлы шығармашылық тұлға. Ол ең алдымен өзінің елінің патриоты болған білімді азамат. Сонан кейін қаламынан шұрайлы сөз төгілген журналист, шебер жазушы, тілі жеңіл драматург, қаламын қару қылған сатирик. Болаттың әншілігі мен сазгерлігінің өзі бөлек әңгіме. 
Әдемі әңгімелермен өріліп, шығармашыл тұлғаның әр қырын қаузаған кеште Болат Бекжановтың "Абай – Ақмай" кітабы мен ол туралы естеліктер топтастырылған "Біздің Болат" жинағының тұсауы кесілді. Қос кітаптың алқызыл лентасын танымал актриса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрсипат Салықова, әдебиетші ғалым Сәмен Құлбарақ, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов қиғаннан кейін бұл шығармалар өзінің қалың оқырмандарына жол тартты. 
Жиында Болат Бекжановтың әріптес рухани ағасы Жаңабай Миллионов, бала күннен тай құлындай тебісіп бірге өскен досы, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, әдебиетші-ғалым Сәмен Құлбарақ, ақын Баймаханбет Ахмет, шәкірті, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамысының басшысы болып қызмет атқарған мәдениет қайраткері, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев сөз сөйлеп, Болат Бекжанов туралы естеліктерін айтты, оның санқырлы шығармашылық қырларына тоқталды. Барлық сөйлегендердің ойлары бір жерде тоғысып жатты. Болаттың шын мәнінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, өткен тарихын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өскен дарынды тұлға екендігі осы жиында нақты айтылды. Жазушы-драматург Болат Бекжановтың жары Жалғат Айтуова жиналғандарға өздерінің отбасының атынан ризашылығын білдірді. 

"Ғұмыр-Дария" – Ақпарат
Обсудить

Похожие материалы:

Өнердің өз адамы
28 май 2021, Пятница
Өнердің өз адамы
ДАҢҚ
06 май 2020, Среда
ДАҢҚ
Қарттар жазған хаттар
12 ноябрь 2020, Четверг
Қарттар жазған хаттар
Шын.дық
28 август 2020, Пятница
Шын.дық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры