Ұрпаққа қалатын ең үлкен мұра – тәрбие
Менің балалық шағым бүгінгі балалардың өміріне мүлде ұқсамайды. Біз есік алдында асыр салып ойнап жүрсек те, алыстан ауылдың ақсақалы көрінсе, шулағанымызды қойып, жол беретінбіз. Үлкеннің алдын кесіп өтуді әбестік санадық. Кешкісін қара шаңырақтың төріне атамыз жайғасып, әжеміз қазанның басында жүретін. Сол шаңырақта айтылған әрбір әңгіме біз үшін өмір мектебі еді.
Қазір ойласам, бізді тәрбиелеген – ауылдың қариялары екен. Қазақ халқының ұлылығы да осында. Заңмен емес, салтпен тәрбиеледі. Қорқытумен емес, ұятпен тәрбиеледі. «Обал болады», «Сауап болады», «Ұят болады» деген үш-ақ ауыз сөз талай баланың жүрегіне адамдықтың дәнін септі.
Қазір заман басқа. Ғылым дамыды, техника дамыды. Бірақ адам баласының ар-ұяты, үлкенге құрметі, кішіге ізеті өзгермеуі керек. Осыны жастарға айтқым келеді.
Соңғы жылдары немерелерімнің қасында көп боламын. Байқаймын, телефоннан бәрін көреді, бәрін біледі. Бірақ кейде өз атасының әкесінің атын білмейді. Бұл – ойландыратын мәселе. Жеті атасын жаттатқан халықтың ұрпағы өзінің тегін ұмытпауы керек. Тегін ұмытқан адам түбінде тарихынан да алыстайды.
Мен Жамбыл ауданының талай ауылын аралап жүрмін. Асада да, Айша бибіде де, Қаракемерде де, басқа елді мекендерде де көненің көзіндей болып отырған қариялар аз емес. Солардың әңгімесін тыңдасаң, қазақтың бүкіл тарихы көз алдыңа келеді. Олар кітап оқып айтып отырған жоқ. Көргенін, түйгенін айтып отыр. Сондықтан қарияның бір ауыз сөзі кейде жүз кітаптан артық.
Қазақтың ырым-тыйымдарын бүгінгі жастардың бәрі бірдей түсіне бермейді. Кейбірі оны ескіліктің қалдығы деп ойлайды. Шындығында, әр тыйымның түбінде тәрбие жатыр.
«Нанды баспа» дейді. Бұл – нанды ғана емес, адал еңбекті құрметтеу.
«Үлкеннің жолын кеспе» дейді. Бұл – жастың бойына кішіпейілдікті сіңіру.
«Босағаны керме» дейді. Бұл – шаңырақтың қасиетін ұғындыру.
«Ақты төкпе» дейді. Бұл – ырыс пен несібені қадірлеу.
Біздің ата-бабамыз ештеңені бекер айтпаған. Олар өмірден көргенін ұрпағына аманат етіп қалдырған.
Мен бір нәрсеге қуанамын. Соңғы уақытта жастардың арасында ұлттық киім киюге, домбыра ұстауға, қазақы дәстүрді дәріптеуге қызығушылық артып келеді. Бұл – жақсы белгі. Бірақ дәстүрді тек мерекеде ғана еске алсақ жеткіліксіз. Ол күнделікті өмірде көрінуі керек. Баланың үлкенге сәлемінен, дастарқан басындағы батадан, көршіге деген сыйластықтан, ата-ананың қадірінен көрінуі керек.
Ауданымызда өтетін түрлі рухани кездесулерге қатысып жүргенде бір нәрсені жиі байқаймын. Қай ауылда ауызбіршілік бар, сол ауылда береке бар. Қай жерде үлкеннің сөзі өтімді болса, сол жерде жастардың да тәрбиесі дұрыс қалыптасады. Өйткені елдің тұтастығы ең алдымен отбасының тәрбиесінен басталады.
Дана халқымыз: «Балаңа мал қалдырғанша, жақсы тәрбие қалдыр» дейді. Осы сөздің мағынасын жас ұрпақ терең түсінсе екен. Үй де салынады, дүние де жиналады. Бірақ адамға ең ұзақ қызмет ететін қазына – тәрбиесі.
Менің замандастарымның қатары сиреп барады. Біз көрген үлкендердің көбі бүгінде арамызда жоқ. Бірақ олардың айтқан ақылы, берген батасы, көрсеткен өнегесі бізбен бірге жасасып келеді. Сондықтан мен жастарға әрдайым: «Қарияның қасында көбірек отырыңдар. Бір сағат әңгімесін тыңдасаңдар, өмір бойы кітаптан таппайтын тағылым аласыңдар», – деп айтып жүремін.
Қазақтың күші – бірлігінде. Берекесі – шаңырағында. Болашағы – тәрбиелі ұрпағында.
Егер біз ата-бабамыздың аманатына адал болсақ, балаларымызға тек жерді емес, елдікті де аманаттай аламыз. Сонда ғана қазақтың қара шаңырағынан бата үзілмейді, бесігінен әлди кетпейді, даласынан қасиет жоғалмайды. Өйткені ұлттың ең үлкен байлығы – жері емес, қазынасы емес, тәрбиелі ұрпағы. Ал тәрбиелі ұрпақтың бастауы – ата дәстүр екенін естен шығармағанымыз абзал.
Ошақбай Ыбыраймов,
Қаракемер ауылдық округі
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жамбыл ауданы

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
19 август 2026, Среда
Тағылым
18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі
18 август 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)