Зейнеп Ахметова: Мен – анамның мектебінен, Атамның тәлімінен өткен адаммын
ТІЛШІ: – Зейнеп апай, өмір жолыңызға көз жүгірткенде өзіңізді қалыптастырған басты құндылықтарды қалай атар едіңіз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Адам өмірінде алған тәрбиесі мен көрген өнегесі бәрінен маңызды. Мен ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанған отбасында өстім. Анамыз бізді еркелете жүріп тәрбиеледі, болашақ өмірге дайындады. Қыз балаға тән барлық қасиетті бойымызға сіңірді. Кейін Бауыржан атамыздың шаңырағына келін болып түскенімде сол тәрбие үлкен тірек болды. Сондықтан мен өзімді анамның мектебінен, Бауыржан атамның университетінен өткен адаммын деп есептеймін.
ТІЛШІ: – Сіз ұлттық тәрбиенің әлсіреп бара жатқаны туралы жиі айтасыз. Бүгінгі қоғамдағы басты мәселе неде деп ойлайсыз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Ұлттың болашағы қыз тәрбиесіне тікелей байланысты. Өкінішке қарай, қазір қыз тәрбиесіне көңіл бөлудің орнына, алдымен өз тәрбиесін түзеуі қажет аналар көбейіп барады. Ұлттық құндылықтардан алыстау байқалады. Қазақ қызын тәрбиелеу арқылы тұтас ұлттың іргесін бекіткен. Осы қағиданы ұмытпауымыз керек.
ТІЛШІ: – Бауыржан Момышұлы туралы еңбектеріңіздің негізі күнделіктерден құралғанын білетін оқырман көп. Күнделік жазу қалай басталды?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Күнделік жазуды жас кезімнен әдетке айналдырдым. Ал Бауыржан атамен бірге тұрған жылдары әрбір сөзі мен әрекетін қағазға түсіріп отырдым. Оның өмірі ерекше еді. Кейін сол жазбалар көптеген кітаптарымның негізіне айналды. Мен өзімді жазушыдан гөрі өмірде көрген-білгенін қағазға түсірген адам ретінде бағалаймын.
ТІЛШІ: – Батырдың шаңырағында келін болу Сізге қандай өмірлік сабақ берді?
Зейнеп А Х М Е Т О В А: – Ең бастысы – түсіністік пен сыйластықты үйретті. Атаның болмысын тану оңай болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе оның мінезін түсініп, қарым-қатынасымыз өзара құрметке негізделді. Ол кісінің жанында жүрудің өзі үлкен мектеп болды.
ТІЛШІ: – Халықтық дәстүрлерді жаңғырту жолындағы ең басты ұстанымыңыз қандай?
Зейнеп АХМЕТОВА – Қазақтың әрбір салтының астарында терең тәрбие жатыр. Біз дәстүрді сыртқы рәсім ретінде емес, ұлттық тәрбиенің өзегі ретінде түсінуіміз керек. Дәстүр мен тіл – егіз ұғым. Бірі әлсіресе, екіншісі де зардап шегеді.
ТІЛШІ: – Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты көзқарасыңыз қандай?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Қазақ тілін қорғау емес, оны өмірдің барлық саласында табиғи қажеттілікке айналдыру маңызды. Әр қазақ ана тілін білуге міндетті болуы керек. Тіл – ұлттың жаны. Ұлт тілінен айырылса, өзінің болмысынан да алыстайды.
ТІЛШІ: – Қазіргі жастар тәрбиесінде ата мен әженің орны қандай?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Қазақ тәрбиесінің ерекшелігі – ұрпақ сабақтастығында. Ата мен әженің қолында өскен бала өмірді ертерек таниды, үлкенді сыйлауды үйренеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары осы институттың маңызы төмендеп барады. Ал ұлттық тәрбиенің алтын арқауы дәл осы ортада қалыптасады.
ТІЛШІ: – Отбасындағы әкенің рөлі туралы не айтар едіңіз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Қазақ қоғамында әке әрдайым отбасының тірегі болған. Әкенің жауапкершілігі мен беделі жоғары болуы керек. Отбасындағы береке мен тәртіп те көбіне осыған байланысты.
ТІЛШІ: – Бауыржан атаның жиі айтатын өсиеттері есіңізде ме?
Зейнеп А Х М Е Т О В А: – «Қатарыңнан озсаң да, халықтан оза алмайсың», «Халықпен бірге болыңдар» деген сөздерін жиі айтатын.
ТІЛШІ: – Қазір қандай шығармалар жазумен айналысып жүрсіз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Күнделіктерімнің негізінде тағы бірнеше кітап дайындап жатырмын. Өткен өмірдің естеліктері, отбасы тарихы, бұрын жарық көрмеген жазбалар бар. Сонымен бірге «Күретамыр» еңбегін жалғастыру жоспарымда бар.
ТІЛШІ: – Зейнеп апай, Сіз өмір бойы ұлттық құндылықтарды насихаттап келесіз. Бүгінгі жастарға айтар ең басты өсиетіңіз қандай?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Қазіргі жастар өте білімді, ізденімпаз. Бірақ білім мен технологияның соңында жүріп, жастар тамырынан ажырап қалмауы керек. Адамның күші – оның тегінде, тәрбиесінде, ұлттық болмысында. Біз кейде баланың оқуына, мамандық таңдауына көп көңіл бөлеміз де, адам болып қалыптасуына жеткілікті мән бермей жатамыз. Ал ең алдымен жақсы адам тәрбиелеу керек. Жақсы адам болса, жақсы маман да болады, жақсы азамат та болады.
Қазақта «Тегін білмеген – тексіз» деген сөз бар. Бұл – біреуді кемсіту үшін айтылған сөз емес. Өзінің шыққан ортасын, ата-бабасының жолын, халқының тарихын білуге шақыратын өсиет. Сондықтан жастарға айтарым – өз халқыңды таны, тіліңді құрметте, дәстүріңді біл. Сонда қай ортада жүрсең де адаспайсың.
ТІЛШІ: – Бүгінгі қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет мәселесі жиі қозғалады. Осы жөнінде не айтар едіңіз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Қазақ халқының ерекшелігі – сыйластық мәдениетінде. Үлкеннің алдын кесіп өтпеу, төрден орын беру, ақ батасын алу – мұның бәрі жай ғана әдет емес, тәрбиенің көрінісі. Қазір кейде жастарды кінәлап жатамыз. Бірақ жастар өздігінен өзгеріп кеткен жоқ. Оларды тәрбиелеген орта, отбасы, қоғам бар. Сондықтан әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек.
Үлкендер де жастарға ақыл айтқанда олардың жан дүниесін түсініп айтуы қажет. Құр талап қоюмен мәселе шешілмейді. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмеуі үшін үлкен де, кіші де бір-біріне құрметпен қарауы керек.
ТІЛШІ: – Ардагерлер қауымына қандай тілегіңізді жеткізер едіңіз?
Зейнеп АХМЕТОВА: – Ардагерлер – халықтың ақыл қазынасы. Көргені мен түйгені мол, өмірдің талай белесінен өткен жандардың сөзі әрқашан бағалы. Сондықтан аға буын ел ішіндегі бірлік пен берекенің ұйытқысы болып қала беруі керек деп ойлаймын. Жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттаудан шаршамаулары керек.
Алла баршаңызға амандық, ұзақ ғұмыр берсін. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, елдің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, халқымыздың бірлігі бекем болсын.
ТІЛШІ: – Әңгімеңізге рақмет. Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегіңізге табыс тілейміз.
Әңгімелескен:
Ақерке ЖАҚЫПБАЙ,
шолушы
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (1)