Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Құнды қазына

02 май 2025, Пятница
39
0

 
Қазақтың қаһарман перзенті, даңқты қолбасшы, күллі Алаш жұртының ардақтысына һәм тұтастай қазақ деген ұлттың эталонына айналған Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері өз алдына өр төбе. Баукең сөз жоқ, ұлт руханиятының баюына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Ерлігімен атақ-даңқы әлемге жайылған Батыр Бауыржан Момышұлы туралы ел ішінде аз айтылып, аз жазылып жүр деп айта алмаймыз. Оның халық пен жас ұрпаққа қалдырған құнды рухани мұраларының телегей-теңіз екенін ескерсек, Бауыржан Момышұлы туралы әлі де айтылып, әлі де аңыз болып жазыла бермек..
Бауыржан Момышұлының ұлт руханиятын құнды қазынамен байытқанын жоғарыда айтқанымыздай, Батырдан қалған жалғыз тұяқ, асылдың сынығы Бақытжан Момышұлының жұбайы Зейнеп Ахметова бізге құдды осы киелі шаңыраққа келін болып түсу үшін жаралғандай сезілетіні рас. Атасының айтқандарын бала келін болып босағадан аттаған сәттен-ақ санасына құйып, зердесіне тоқи білген Зейнеп апайдың Батыр туралы есті естеліктері қаншама кітапқа арқау, қаншама жас келінге нұсқау, онымен қатар, қаншама жас буын ұрпаққа тәлім-тәрбиенің сарқылмас көзі болып келеді
Биыл Зейнеп Ахметова мерейлі 80 жасқа толып отыр. 26 сәуір күні Жамбыл облысы Жуалы ауданында Баукеңнің келіні, Батырдан қалған қасиетті қара шаңырақтың түтінін түтетіп, отын өшірмей отырған ұлағатты ана, ұлт жанашыры Зейнеп Ахметованың 80 жылдық мерейтойы аудан көлемінде атап өтілді. Сөз басында айта кетейік, бұл да өз кезегінде жұртшылық тағылым аларлықтай іс-шара болғаны анық.
        Аудандық «Достық» мәдениет үйінде мерейтойға орай «Шуақты күндер. Келіннің күнделігінен» тақырыбында ұйымдастырылған рухани азық боларлық тағылымды кеш, байыпты басқосуды аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты аналар мен жас келіндер, жалпы өңір жұртшылығы қызыға тамашалады. Кеш қазақ келіндері туралы әсерлі композициямен ашылып, онда бәрі бірдей ақ жаулық таққан жас келіндер жұртшылыққа иіліп сәлем салып, халқымыздың ежелгі дәстүрін көрсетсе, өңірдің «Ақ әжелер» ансамблі жуалылық ақын-сазгер Мырзахан хметовтың «Жуалым» әнін жанды дауыста орындады. Мерейтой иесі Зейнеп Ахметова құрметпен сахна төріне көтерілді.
Қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Зейнеп ік Ахметованың 80 жылдық мерейтойына орай құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі ір Жалғас Мұртаза, ұлт батыры Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы-этнограф, қоғам қайраткерін мерейлі 80 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, мерейтой иесіне ізгі тілек білдірумен қатар, қазақы дәстүрмен иығына ақ жаулық жауып, өзінің портреті бейнеленген үлкен кілемшені сыйға тартты.
     Мерейтой иесі, ұлт руханиятының анасындай болған танымал тұлға Зейнеп Ахметова өз сөзінде, ең алдымен қайын атасы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы тың естеліктерімен бөлісті.
Мәдениет үйінде ұйымдастырылған рухани кешке жиналған көрерменді өзіне баурап алып, сілтідей тындырған мерейтой иесі ары қарай ене мен келіннің ара қатынасы, келіннің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны мен рөлі,тіл мен діл, дін, қазақи қалып, қазақ халқының арғы-бергі тарихы мен ата тек, сонымен қатар, бала тәрбиесі, жалпы ұлтымызға қатысты деген рухаи туым құндылықтардың бірқатарын әңгіменің арқауына айналдыра отырып келелі әңгіменің тиегін ағытты. Зейнеп апай залдан қойылған сұрақтарға да қызықты етіп жауап беріп отырды. Сөз соңында жастар мен жас келіндерге аналық ақ тілек айтқан мерейтой иесі З.Ахметова ауданда орналасқан даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейіне құнды естелік сыйлықтар табыстады.
Зейнеп Ахметованың 80 жылдығына арналған тағылымды іс-шаралар ары қарай қасиетті өңірге қарасты Нұрлыкент және Талапты аўылдарында өз жалғасын тауып, онда мерейтой иесі ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, әкелер, билер кеңестерінің төрағалары, аналар алқасының төрайымдары, ауыл тұрғындарымен  емен-жарқын әңгімелесіп, ұлт руханияты мен қоғам құндылықтары туралы тереңнен ой толғады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры