Уәде орындалуымен қымбат
Бауыржан Момышұлы атындағы музей – аймақтағы қасиетті орындардың бірі. Аталған музей 1995 жылы құрылған. Мұнда екі жарым мыңға тарта экспонат бар. Сондай-ақ, даңқты батырға қатысты жәдігерлер де жетерлік. Мәселен, Бауыржан Момышұлының өзі пайдаланған фотоаппараты, майдан даласында киген шинелі, қалам салғышы, папкасы, жазу мәшіңкесі сияқты көптеген құнды заттар бар мұнда. Бұған ақын Әбділда Тәжібаевтің Египеттен әкеліп, сыйға тартқан күлсалғышын, өзінің шай ішкен ыдыстарын қосыңыз.
Ал, жазушы Шерхан Мұртазаның 60 жылдығына орай Жуалы өңіріне келген композитор Нұрғиса Тілендиев батыр Бауыржан музейіне арнайы барып, өзінің шығармалары топтастырылған күйтабақтарды сыйға тартқан екен.
Бұл жәдігерлер де музейдің құндылығын арттырып тұр деуге болады. Ал, Бауыржан Момышұлының өзі Германиядан алып келген жазу мәшіңкесі, Чехиядан алып келген шаңсорғышы және Франция жерінен алып келген аспалы шамы да осында.
Мәдениет – қоғамдағы барлық өлшемдердің бағдары іспетті. Ал оның мәйегі – музей. Танымыңды кеңейтіп, тарихыңды түгендейді. Кешегі мен бүгініңді жалғап, ұрпақтар сабақтастығын сақтайды.
Осы орайда біздің аудандағы облысқа қарайтын Бауыржан Момышұлы және осыдан алты жыл бұрын ашылған Жуалы аудандық өлкетану музейлері де – осы міндеттің үдесінен шығып тұрған үлкен мәдени ошақтары деп білемін.
Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі Б.Момышұлы ауылының Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан. Бұл мәдениет ошағы 2018 жылы 29 қыркүйек күні Жуалы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай ашылған.
Музей ғимаратының жалпы ауданы 3 03,2 шаршы метрді құрайды. Экспозициялық залдардың саны – үшеу. Олар – «Тарихи-археологиялық» зал, «Рухани жаңғыру» залы және «Батырлар» залы.
Музей жұмысына толығырақ тоқталатын болсақ, бүгінде аудандық тарихи-өлкетану музейіне қойылған жалпы жәдігерлердің саны – үш мың алты жүзге тартады.
Музейлерге, оларда еңбек ететін қызметкерлерге ешқандай өкпеміз жоқ. Барсаң құрақ ұшып қарсы алады. Аралатып, түсіндіріп, жандары қалмайды. Сонда не айтарыңыз бар дейсіздер ғой? Иә, мәселе түбі мынада болып тұр. Айтқанның ауызы, көргеннің көзі жаман. Сексенге аяқ басқан шағымда арыз айтатын қария емеспін. Десек те, әрбір игілікті шаруаның халыққа тиімді болғанын қалаймыз.
Күні кеше қолыма облыстық «Ғұмыр дария» газетін алып отырып, «Қарттар жазған хаттар» деген арнайы бетке көзім түсті. Өзіміз сияқты қариялар өңірдің өзекті мәселелерін, өздерін толғантып жүрген түйіткілді жағдайларды көтереді екен. Мен де солар сияқты қолыма қалам алып, көптен көкейде жүрген мәселені қозғасам деймін.
Айтайын дегенім осы мәдени орталығымызға жастар, қариялар жиірек барып, тарихи жәдігерлерімізді көріп, танысып тұруына бір кедергі алдан шыға береді.
Мәселенің мәнісі мынау, былтыр мен Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейіне баратын жолға жолаушылар көлігін бөлу жайында ұсыныс жасаған болатынмын. Себебі маршруттағы «Газель» автокөлігі 73 метр жетпей бұрылып кетеді, арғы жағында Сәкен Сейфуллин көшесінде 327 тұрғын және 5-6 мекеме бар. Жолаушылар көлігін музейге дейін жүруін қалаған біздің тілегіміз әзірге сол күйінде қалуда .
Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы музейіне де барар жолда көлік жоқтың қасы. Таксилердің бағасы ұшып тұр. Оны кез келген тұрғынның қалтасы көтермесі анық. Осылайша екі бірдей рухани орталыққа бару мұң болуда. Тек тұрғындар ғана емес осы орталықтарға жан жақтағы ауылдардан қатынап жұмыс істеп жатқан қызметкерлер туралы айтудың өзі ұят.
Осы мәселені айта айта шаршадым. Аудан әкімін де бірнеше рет құлағдар еттім. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.
Телефон шұқумен ғана айналысып кеткен мына заманда, ұрпақтың тарихқа бір мезгіл бет бұрғаны абзал ғой. Қарынның тоқтығынан не пайда, рухани аштыққа ұшырап жатқанда. Халыққа мәдени қызмет көрсетуде майда-шүйде деген болмайды. Музейлердегі тарихи құндылықтарды адамдарымыз көруі керек, рухани байлық алулары тиіс. Оған тиісті жағдай жасау билік басындағылардың міндеті.

Мирамбек САУЛЕБЕКОВ,
еңбек ардагері
Жуалы ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)