Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АРДАГЕР СПОРТШЫНЫҢ ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

АРДАГЕР СПОРТШЫНЫҢ ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

29 сентябрь 2022, Четверг
152
0
Жуырда Бесағаш ауылдық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен волейболдан ардагер спортшылар арасында Бауыржан Бейсенбиев атындағы жүлдені сарапқа салған жарыс болып өтті. Оған облысымыздың Шу, Байзақ, Жамбыл, Талас, Меркі, Сарысу аудандары мен көрші Қырғыз елінің Талас қаласы мен Манас ауданынан командалар қатысты. Болса-болмаса, бесағаштықтар да бір команда қойғаны айтпаса да түсінікті. 
Осылай халықаралық деңгейде жарыс өткізіп, құрмет көрсеткендей Бауыржан Бейсембиев кім еді?! 
Бауыржан Бейсембиев облысқа танымал спортшы болатын. Ол спорттың көптеген түрімен айналысатын. Ал, волейболдан шаршы алаңда атой салғанда қарсыластарының берекесі кететін.  Бауыржанның  волейболдан алаңда, шахмат пен дойбыдан шаршы тақта үстінде талай тегеурінді шабуылдар ұйымдастырғанына замандастары талай куә болған. Ол денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып ұстаздық етті. Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, шәкірттерін шымырлыққа баулыды. Олардың ішінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк байрағын желбіреткендері де, Отандық спортты дамытуға үлес қосып  жүргендері де бар.
Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Сырлыбаев, ардагер ұстаз Ж. Бөрібеков, тағы басқалар сөйлеп, Бауыржан туралы естеліктер айтып, қатысушыларға табыс тіледі. Айыр қалпақты ағайындар атынан сөз алған ардагер спортшы Сатыбалды Бөлекбаев туған бауырдай болған Бауыржан туралы толғана естелік айтып, баласы Ердәулеттің иығына шапан жауып, басына қырғыз қалпақ кигізді. 
Ал, Бауыржан 40 жылдай қызмет атқарған Абай атындағы орта мектептің директоры Қ. Сисенғалиев әріптес ағасының жары Райханның иығына камзол іліп, басына орамал салды. Райхан да осында қызмет атқарған ардагер ұстаз. 
—Бауыржан Бейсембиев атындағы жүлде үшін волейболдан жарыс өткізу іс-шарасына үлес қосқандар көп, – дейді Бесағаш ауылық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікерім Ахметов. —Дегенмен, ұйымдастыру шарасына барын салып жүгірген әріптес інісі Сәрсен Оспановтың белсенділігі өте жоғары. Осы істің басы-қасында жүріп, жарысқа қатысушы ардагер спортшыларға қонақжайлылық қызмет көрсеткен Ғабыш Хабибуллаев пен Баукеңнің ұлдары Ерболат пен Ердаулетке ел риза.
Жарысқа Қырғызстанның Талас қаласы мен Манас ауданынан 3 команда келіпті. Бұл – қырық жылдай доп додасына бірге қатысып жүрген қырғыз туғандардың Бауыржан әруағына құрметі.
Шын шеберлер бақ сынасқан бәсекеде бірінші жүлдені Қырғызстанның Манас ауданынан келген волейболшылар қанжығаға байланса, екінші орын – бесағаштықтардың еншісінде. Жүлделі үшінші, төртінші орындарды Қырғыздың Талас қаласынан келген қонақтар мен Жамбыл ауданының командасы бөлісті.
Жарысқа қатысушылардың бәрі де олжасыз қайтқан жоқ, ынталандыру сыйлықтары мен ескерткіш жалаушалар тапсырылды.
Жарысқа ауыл ардагерлері, ағайын-туыс, құда-жегжаттары демеушілік жасады. 
Б.Бейсембиевтің отбасы жарысқа қатысушыларға, қонақтар мен көрермендерге дастархан  жайып қонақасы берді. Онда Бауыржанның әруағына құран бағышталды.
Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл іс-шара өзгелерге үлгі боларлықтай деңгейде өтті. 

«Ғұмыр-Дария» – Ақпарат.
Жамбыл ауданы.


Обсудить

Похожие материалы:

СПОРТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ
21 январь 2022, Пятница
СПОРТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – БАРШАҒА
24 январь 2022, Понедельник
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – БАРШАҒА
спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
ЖЕЛЕ ЖҮРІСТІҢ ЖЕЛАЯҒЫ
01 август 2022, Понедельник
ЖЕЛЕ ЖҮРІСТІҢ ЖЕЛАЯҒЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры