СПОРТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданында ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен спорт кешенінде спорттың волейбол,бильярд, дартс, қол күресі, үстел теннисі, шахмат, дойбы түрлерінен жарыс өткізілген. Жарысқа қатысушылар – ардагер спортшылар. Бір байқағанымыз: спорт жасқа қарамайды екен.
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Спорт бәсекесінің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары О.Баққараев, «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Қасымов құттықтау сөз сөйлеп, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев бата бергеннен кейін қатысушылар жарыс көрігін кыздырып кете барған.
Кешеннің кең де жарық залында волейболшылар тордың екі жағында ала допты қақпақылдап, алақұйын шабуыл ұйымдастырып жатса, арнайы бөлмелерде «ойлылар ойындары» шахмат пен дойбыдан 64 шаршылы тақта үстіндегі шайқас басталып кеткен.
Осылайша бір жерде теннисшілер, бір жерде білектілер, бір жерде қолмергендер, бір жерде бильярдшылар бәйгеге тігілген жүлделерді сарапқа салып жатты.
Көрермендер мен жанкүйерлер әрқайсыларының қастарына келіп рухтарын көтеріп, дем беріп жүр.
Кез-келген жарыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңімпаздар болатыны заңдылық. Сол заңдылыққа сай мықтылар көп ұзамай-ақ өздерін мойындата бастаған. Шашасына шаң жұқпас дүлдүлдердің мәреге жақындаған сайын жанын сала шабатыны секілді, шешуші сәттерде спортшылар ширыға түсті. Қапы кеткендердің «қап, әттеген-айлары да » болып жатыр. Бәрі де жеңістен үмітті.
Осылай тартысты өткен жарыстар мәресіне жетіп, жеңімпаздар арнайы тағайындалған жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
Волейболдан бірінші орынды Көлқайнар округінің спортшылары иеленсе, екінші және үшінші орындар – бесағаштықтар мен айшабибіліктердің еншісінде.
Бильярдтан айшабибілік Сағат Сейілханов алдына жан салмаса, жүлделі екінші, үшінші орындарды асалықтар Сайлаубек Ережепбаев пен Сәрсенбай Күзербаев өзара бөліскен. Дартстан С.Айтбаев(Көлқайнар), қол күресінен Қ.Ержігітов (Аса), үстел теннисінен Б.Ағайдаров(Аса), шахматтан С.Бименов (Бесағаш), дойбыдан Е.Қуандықов (Қарой) жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпы, бұл жарыстарда ешкім жеңген жоқ , бас жеңімпаз – спорт.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, Дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сырлыбаев пен «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Қасымов тапсырды.
Болат ЖАППАРҰЛЫ.
«Ғұмыр-Дария».
Похожие материалы:
Комментарии (0)