Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жақсы бата – жарты бақыт

Жақсы бата – жарты бақыт

28 май 2025, Среда
19
0
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» дейді  бабаларымыз. «Бата-сөздің анасы»,«Атаңнан бота қалмасын,бата қалсын», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» дейді тағы да сол дана халқымыз. Өйткені батаны кім көрінген бермейді, тек ақсақалдар, елге танылған адамдар, жолы үлкен кісілер береді. 
Бата – салт-дәстүрлердің баға жетпес үлгісі, жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. 
Сейсенбі күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу шаралары аясында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Батаменен ел көгерер» байқауы өтті.
Облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай ізгі тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға қаладағы 5 округтен 5 қария қатысып, 3 кезең бойынша сынға түсті.
Аталмыш байқауға облыстық «Арай» газетінің бас редакторы  Тұрсынбек Темірланұлы Сұлтанбеков,  Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Бақытжан Маханұлы Махашев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбдімажит Жүнісбеков, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Олжас Ақылбаев, Тараз қаласы билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков әділқазылық етті.
Қалалық байқауға қатысушы қазыналы қариялар бекітілген ережеге сәйкес үш бөлім бойынша сынға түсті. 
Бірінші бөлім – үміткердің дайындап келген өз батасы, екінші бөлім – белгілі тұлғалардың ел есінде сақталып келген батасы, үшінші – ұлттық салт – дәстүрлерге байланысты бата.
Байқауда бақ сынаған ақсақалдардың бата беру өнерін бағалағанда батасының мазмұны, орындау шеберлігі, сөз саптауы мен қазақы киім үлгісі негізге алынды.  
Нәтижесінде   бас жүлде мен жүз елу мың теңге қаржылай сыйақыны мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызмет атқарған, отставкадағы полковник Сауранбек Жамалбеков жеңіп алды.
Жүлделі екінші орынға Жамбыл облысының Құрметті ардагері, ішкі істер қызметінің ардагері Орынбай Рысбаев лайықты деп танылып, жүз мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. 
Әділқазылар алқасының шешімімен байқауға қатысқан ешбір қария марапатсыз қалмады. Жүлделі үшінші орынды еңбек ардагері Әбдірахман Зайнудинов, Жаңабек Сұлтанбеков, Аманбала Қасымбековтер өзара бөлісті. Олардың әрқайсысы 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. 

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА,  
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

«Батаменен ел көгерер»
27 май 2025, Вторник
«Батаменен ел көгерер»
БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
15 июль 2024, Понедельник
БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
"Батаменен ел көгерер"
23 май 2025, Пятница
"Батаменен ел көгерер"
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
14 сентябрь 2024, Суббота
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры