БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дəстүрлер мен батаның тəрбиелік мəнін насихаттау мақсатында «Батаменен ел көгерер» тақырыбымен облыстық байқау өткізеді . Байқаудың мақсаты-бата беру дəстүрін дəріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді кұрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тəрбиелеу, батаның ғибраттарын ұрпақ бойына сіңіру. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұйымдастырады. Байқаудың шарты бойынша оған əр қаладан жəне ауданнан жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады. Байқаудың шарттары мен ережелері Тараз қаласы, аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жіберіледі. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезең қалалық жəне аудандық деңгейде 14 маусым-11 қыркүйек аралығында өтті. Облыстық байқауга қатысушылар туралы толық ақпарат 15 қыркүйекке дейін облыстық билер кеңесіне жолдануы тиіс. Екінші кезең аудандардан, қалалардан іріктелген батагөйлер «Батаменен ел көгерер» облыстық байқауына қатысады. Облыстық байқау үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегі күні Шу ауданы, Төле би ауылында мəдениет үйінде сағат 11:00- де өтеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕС
сурет интернеттен алынды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕС
сурет интернеттен алынды
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)