ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
«Батаменен ел көгерер» деп аталған бұл байқауда ата салтымыз ардақталып, дәстүрлеріміз дәріптелді.
Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өткен байқауда 10 батагөй қария бағын сынады.
Шараны ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулет, қалалық мәслихаттың төр-ағасы Кенжебек Олжабай, «Аманат» партиясы қалалық филиалының төрағасы Уалихан Байдуанов бата беру – жақсы ниет, өнегелі өсиет білдірудің ұлттық дәстүрі екендігін айта келе, батагөй ақсақалдарға сәттілік тіледі.
Рухани тағылымы мол шара басталысымен қазақы шапандарын иыққа жауып ортаға шыққан қарияларымыз сахна сәнін кіргізіп, шешендік өнерлерін паш етті. Жиналған көпшілік ауылдың алты ауызы, бұрын-соңды айтылып жүрмеген сүйінші хабарға, жолға шыққанда, ас қайтарғанда айтылатын, тілек түріндегі баталарды есітіп,қазақы дәстүрдің жанданғанына қуанды.
Сайыстың әр кезеңінде батагөйлер қабілет-қарымдарын барлық қырынан ашуға тырысты. Талай ұрпақ үшін тәлім-тәрбие болған тағылымы мол тамаша мұраны барынша насихаттаған қазыналы қариялар бәсеке бәсін қыздырды.
Батагөйлердің өнерін сараптай келіп, құрамында фольклортанушы ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Берік Жүсіпов, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков және басқа да белгілі зиялы қауым өкілдері бар қазылар алқасының ұйғарымымен «жүзден жүйрік шыққан» 82 жастағы Қазақстанның Құрметті профессоры Исан Тілегенов бас жүлдеге лайықты деп танылды. Бірінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Сауранбек Жамалбеков жеңіп алса, екінші орын ішкі істер саласының ардагері Әбдімәжит Жүнісбеков пен өнерпаз ардагер Аманқұл Исқақовқа бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды Әбдірайым Уашев пен Азамат Айымбетов қанжығаларына байлады. Байқаудың арнайы дипломдарымен Серік Сабырбеков, Рысмағанбет Жүсіпов, Дәулетбек Жүнісбеков, Аманбала Қасымбеков марапатталды.
Байқауды тамашалауға келген жас көрермендер данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіре алды ғой деп ойлаймыз. Сондай-ақ асыл қазына-қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретуде мұндай шаралардың ықпалы мол екендігіне тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.
Қасиетті сөздер айтылып, мағыналы баталар берілген мерекелік шара ұлтымыздың ұлы құндылықтарын дәріптеу, кейінгі жастарға осы дәстүрді жаңғыртып, оларды имандылыққа тәрбиелеумен есте қалды.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық
ардагерлер кеңесінің мүшесі
Тараз қалалық
ардагерлер кеңесінің мүшесі
ҚЫСЫЛҒАНДА – ҚУАТ, ҚИНАЛҒАНДА – МЕДЕТ
Халқымыздың дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесетін қуанышты кездерде, сондай-ақ алыс жолға аттанғалы тұрған азаматтарға арнап, ақ жол тілеп, қол жайып айтатын тілегі бата деп аталады. Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған.
Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жәледен қорғайды деп есептелген.
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер...» атты тақырыпта батагөй қариялардың аудандық байқауы өтті. Байқауда ауылдық округтерден бағын сынауға келген 13 от ауызды, орақ тілді шешен қариялар бағын сынады. Байқауды аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау үш кезеңнен, атап айтқанда, өзін-өзі таныстырудан, өз өнерінен, өз батасын беру сынақтарынан тұрды.
Ақыл мен парасаттылықты бойларына сіңірген қариялар арасындағы байқау аса тартысты өтті. Байқаудың нәтижесінде әділқазылардың шешімімен хантаулық қария Жолдасбек Әбушәкіров бас жүлдені жеңіп алып, батагөй қариялардың облыстық байқауына жолдама алды.
Бірінші орынды мойынқұмдық қария Мұқатай Алыпбайұлы, екінші орынды жамбылдық Мәдіхан Сәлібеков, бірліктік Қанжарбек Әбдірәшев, үшінші орынды ұланбелдік Сейітжан Қармақбаев, қызылотаулық Жәлменбет Бекбергенов иеленді. Байқау соңында сынға қатысқан барлық қарияларға диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,
журналист.
Мойынқұм ауданы.
АТАДАН БАЛАҒА МҰРА БОЛҒАН
Қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан бата беру дәстүрін насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа түсіндіру мақсатында Меркі аудандық Мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» атты аудандық байқау өтіп, оған барлық ауылдық округтерден 12 қария қатысты. Ауданда халықтың зор ынтасын, қызығушылығын туғызған бұл байқауды Меркі ауданының әкімі Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов, Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Сабырұлы Жылысбаев ашып, қатысушы қарттарға сәттілік тіледі.
Байқауды бес адамнан құрылған әділ қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады. Бірінен бірі озып тұрған қарттардың ең үздігін айқындау қазыларға да оңай болған жоқ. Әлбетте, қатысушының киімі де, сөйлеу өнері де, сахнаға шығу мәнері де мұқият ескерілді.
Сонымен, бірінші орын Тәтті ауылдық округінің өкілі Белдібай Айнақұловқа, екінші орын Кеңес ауылдық округінен келген Бауыржан Байдәулетовке, ал үшінші орын Андас батыр ауылдық округінен қатысқан Болат Сұлтанбаевқа берілді. Ең үздік батагөй атанған қартқа арнайы лента тағылып, 1-ші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық-теледидар табыс етілді. Екінші, үшінші орын алған қарттарға да тиісінше дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал байқауға қатысқан өзге қарттарға бірнеше номинациялар бойынша грамоталар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Уали ҚЫРҒЫЗБАЕВ,
ардагер журналист.
Меркі ауданы.
ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
Тұрар Рысқұлов ауданының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты өткен аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялардың аудандық байқауы өтті. Байқауға 15 ауылдық округтен 15 батагөй қария қатысты. Өз өнерлерін паш еткен барлық батагөй қариялардың жақсы дайындықпен келгенін атап өткеніміз жөн. Байқаудың әділқазылары – аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, мемлекеттік қызметтің ардагері Бейсен Әлпейісов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер-ұстаз Түзел Алагөзова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев, ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Санат Қырықбаев бата берушілерді жатқа айта білуі, мәнерлеп айтуы, ұлттық нақыштағы киім кию үлгісіне, батаның тәрбиелік мәні бойынша бағалады. Байқаудың шарты бойынша батагөйлер бірінші кезеңде ұлы тұлғалардың баталары, екінші кезеңде салт-дәстүрлерге байланысты тақырыптарда бата берісті. Үшінші кезеңде әр түрлі салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді.Үміткерлер бата беруде халқымыздың асыл мұраларын көрсете білгеніне көрермендер дән риза болды. Жарыс қорытындысы бойынша батаны нақышына келтіріп, ұлттық дәстүрімізге сай жастарымызға өнегелі етіп орындаған Жарлысу ауылының атынан сынға түскен Тұрсынбай Елубаев бас бәйгені жеңіп алды. Бірінші орынды Көгершін ауылынан келген Нысанбай Таукенов иеленді, екі екінші орынды Әлжаппар ауылынан келген Төребек Әбдікерімов және Каменка ауылынан келген Мырзабек Манғұтов өзара бөлісті. Екі үшінші орын Шолақ-қайыңдыдан келген Асқар Мәндірбаев мен Абай ауылынан келген Есенғали Құралбаевқа бұйырды. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің дипломдары мен Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Серік ӨТЕГЕНОВ,
Тұрар Рысқұлов аудандық билер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)