Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН

МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН

29 сентябрь 2022, Четверг
117
0
Адам көркі – шүберек. Әртүрлі үлгідегі ұлттық нақыштағы көйлек, камзолдар киген кимешекті әжелерді бозбала мен бойжеткеннің қос қапталдан құрметпен сүйемелдеп келе жатқанының өзі салтанаттың сәнін кіргізе түскендей. Ал, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің кіреберісінде күмбірлете күй төккен ұлт-аспаптар ансамблі көрермендер мен келушілер көңілін көкке шалқытты. Осының бәрінен ұлттық леп ұрып тұрды.
Қаладағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия мұғалімі Гүлмира Қарабаева, ардагер өнерпаз Якүл Шуақ, ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Нәзипа Садықова, №29 бөбекжай-бақша меңгерушісі Айнұр Нүкісбаева және тағы бір тамаша ұстаз Ғалымхан Құсайынова бәсі зор бәсекеге тастүйін әзірлікпен келіпті. Байқаудың шымылдығын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилов түріп, жарысқа қатысушы әжелерге сәттіліктер тіледі. 
—Ұлы қазақ Бауыржан Момышұлы «немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжеден, бесік жырын білмейтін анадан қорқатынын» айтқан екен. Оның астарында ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жатыр. Сіздер осынау жоғалып бара жатқан байлықты қайтарып, жастар санасында жаңғыртып отырсыздар. Бұл – өте керек іс, – деді Еркінбек Бнйсенбекұлы. 
Ал, Қайрат Исмаилов ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлес қосып отырған ардагерлерге алғыс айтты.
Осыдан кейін-ақ әжелер сайысты бастап кеткен. Бес кезеңнен тұратын байқауда олар сөз өнері, қолөнер, ән мен күй, ас дайындау шеберліктері, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы біліктіліктері бойынша сынға түсті. Біліктілік пен өнер-білім сарапқа салынған бәсекеде әжелер әр кезеңде немерелерін қастарына алып, шеберліктері мен біліктіліктерін көрсетіп жатты. Осы жерде әжелер өздері біліп қана қоймай, білгендерін немерелерінің бойына дарытып жатқанын аңғарамыз. Байқау мақсаты да осы ғой. 
Бұл ретте байқау өз мақсатына жеткендей. Іс-шараның өн бойында әжелер мен немерелердің көрсеткен өнерлері өте тамаша жарасым тауып тұрғанына риза болдық.
Байқаудың әр кезеңінде тақырыптың бейнекөріністермен «тұздықталып» отырғаны сайыстың ажарын аша түсті. Өйткені, немереге тоқыма, әртүрлі ойыншық бұйымдар жасауды үйрету, олармен сейіл, серуен құру, әртүрлі ойындар ойнау бейнетүсірілім арқылы берілген.
«Ойын ойнау» дегеннен шығады, байқауда бөбекжай меңгерушісі Айнұрдың балаларға жұмсақ заттардан жасаған бұйымдармен «көкпар» тартқызуы – елді елең еткізген жағымды жаңалық. Осы ойын негізінде іс-қимыл, әбжіл әрекет, ұлттық ат спортын насихаттау жатыр.  
Байқауға қатысушы әжелердің бәрі де кезінде жауапты қызметтер атқарған, жақсы жетістіктері үшін әртүрлі наградалармен марапатталған өз саласының үздіктері. Олардың тәрбиелік мәні жоғары байқауға іріктеліп шақырылуы тегіннен-тегін емес.
Әжелер байқауына төрелік жасаған қазылар алқасы қатысушыларға мейілінше дұрыс баға беріп, олардың белсенділігін лайықты атап өтті.
Байқау қорытындысында сөз алған Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры Гүлзат Құлабекова іс-шараның жас ұрпақ тәрбиесіне тигізер жақсы әсері бар екеніне ерекше мән бере айтты.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы,Тараз қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Жанат Сарыбекова: «Біз алдымызға «жас ұрпақ әженің әлдиін естіп, тәрбиесін көріп өссе екен» деген мақсат қойған едік. Мақсатқа жеттік пе, жоқ па? Оған көрермен – төреші.Ұсынысты қабыл алып, байқауға қатысқан әжелерге алғысым шексіз!» – деп ризашылығын білдірді.
Байқауда Якүл Шуақ «Сүйкімді әже», Нәзипа Садықова «Инабатты әже», Айнұр Нүкісбаева «Өнерлі әже», Ғалымхан Құсайынова «Парасатты әже»,Гүлмира Қарабаева «Мейірімді әже» аталымдары бойынша арнайы марапаттарға ие болды.
Көрген де арманда, көрмеген де арманда болған бұл байқаудан келушілер де, көрермендер де көтеріңкі көңіл-күймен қайтып бара жатты.

Болат ЖАППАРҰЛЫ, 
«Ғұмыр-Дария».
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.
Суретті түсірген: Жанат АМАНБАЛА.


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
Дидар
31 май 2022, Вторник
Дидар
Дидар
05 май 2022, Четверг
Дидар
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры