Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ

БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ

15 июль 2024, Понедельник
85
0
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» - дейді бабаларымыз. Ақ батаның құдіретті күшін, сауапты ісін бағалай білген қазақ халқы «Бата – сөздің анасы», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Қарғыс алма, алғыс ал» дейді. Сондықтан қазақта бата беру өте құрметті саналған, өйткені бата, қасиетті сөз. Батаны ақсақалдар, елге танылған адамдар, жолы үлкен кісілер береді.
Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Батаменен – ел көгерер» атты батагөй қариялар арасында байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның данагөйлігін ұрпақ бойына сіңіруге бағытталды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйіндегі сахнаны тақырыпқа сай безендіріп, басталып, шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Байқауды жүргізген Нұрсұлтан Бұхарбаев «Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Қазақстанның өсіп өркендеуі, еліміздің бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Ардагерлердің өнегелі өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі» дей келе, ескінің көзін көрген батагөй қарияларды сахна төріне шақырды.
Іс-шараны ашқан Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова бата беру – жақсы ниет, өнегелі өсиет білдірудің ұлттық дәстүрі екендігін айта келіп, батагөй қарияларға сәттілік тіледі.
Қазақы шапандарын иыққа жауып ортаға шыққан қарияларымыз сахна сәнін кіргізді, шешендік өнерлерін паш етті. Жиналған көпшілік қауым ұлттық салт-дәстүр бойынша айтылатын тілек түріндегі баталарды естіді, қазақы дәстүрдің жанданғандығына қуанды.
Байқауға қатысқан 6 үміткердің өнерлерін сараптай келіп, облыстық мәслихаттың депутаты, танымал журналист Оралхан Дәуіт бастаған әділ қазылар алқасының ұйғарымымен батагөй қария Құдайберлі Әбілов бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Сағитжан Абдибаев иеленсе, Өтеміс Алпысбаев үшінші орынды қанағат тұтты.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова байқауға қатысушыларды арнайы дипломдармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыс етті.
Көрермен қауым байқаудың жүргізілу барысында «Әулиеата» ардагерлер ансамблінің өнерлерін тамашалады.
Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,
Тараз қаласы ардагерлер 
кеңесінің жауапты хатшысы.  
Обсудить

Похожие материалы:

БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?
11 май 2023, Четверг
БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
06 июнь 2023, Вторник
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
08 июнь 2023, Четверг
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
БІТІМІ БАР ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
БІТІМІ БАР ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры