БІТІМІ БАР ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
Елімізде 2011 жылы туындаған дауларды баламалы шешудің жаңа жобасы ретінде медиация институты енгізіле бастаған болатын. Ата - бабаларымыздың сан ғасырлық тарихында билеріміз кез - келген бұзақылық, ағайын арасындағы дау – жанжалды бітімге келтіріп, тентегін тезге салып отырған. Тараптарды дау – дамайсыз татуластырып, ат - шапан айыбымен бітістірген ата - бабаларымыз елдің ынтымақ - бірлігін шашау шығармай сақтаған. Бұл – біздің халқымыздың қанында ежелден бар жақсы қасиет. Қазақта «Бас жарылса - бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген аталы сөз бар. Қазыбек би бабамыз айтпақшы: «Бір қолыңа екінші қолың арашасы болсын» - деген. Бұл дегеніміз – бітімгершілікке шақыру. Осы ескі дәстүрімізді жаңғырту арқылы медиацияны ел ішіне тез сіңіруге ықпал етуге болады деп ойлаймыз. Қазіргі кезде медиация кең өріс алып келеді.
2019 жылы 7 тамызда Сингапурде Қазақ-стан БҰҰ - ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген «Халықаралық татуласу келісімдері туралы» конвенцияға қол қойды. Өткенде Қазақстан Республикасының Сенаты «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау» туралы Заңын қабылдады. Елімізде медиацияға деген сұраныстың артуы, сот жүйесінде медиацияның сәтті жүзеге асуы медиацияның қолданыс аясын кеңейте түсу қажеттігін сездіргендей болды.
Біздің ауданымызда да медиация бойынша біраз іс - шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар корпусы құрылып, қызмет жасауда. Осы бағытта бүкіл еліміздегі сияқты, ауданымызда да билер кеңестері қайта құрылды. Сертификаты бар ардагер – медиаторлар саны 48-ге жетті. Билер кеңестері құрамында 54 белсенді ардагер ел ынтымағы жолында еңбек етуде. Ауданымызда өткен он айда «Дәнекер» пилоттық жобасы бойынша (соттан алып қаралған) отбасылық құқықтық істер 17-ге жетті. Басқа да құқықтық істер 12 болды.
Басқа да медиатор, билердің қараған дау-дамайларының жалпы саны 20 болды. Билер кеңестерінің ұйымдастыруымен 28 семинар - кеңестер, жиындар өткізілді. Қоғамдық қабылдаулар өткізіліп тұрады.
Аудандық деңгейде «Батаменен ел көгерер...» тақырыбында билер арасында байқау өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі және ардагерлер, билер кеңестерінің бастамасымен өткен бұл бәсекеде ақылман ақсақалдарымыз шешендігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, көпшілді-гімен ел құрметіне бөленді.
Ақылман, ұлағатты, жақсы қартая білген қарияларымыз ауданымызда, ауыл - ауылда баршылық. Олардың жас ұрпаққа берері мол деп есептейміз. Ақсақалдар отырған жерлерінде шешен сөйлеп, жақсы бата беріп отырса, құба - құп. Көпшілікке құрметті болады, жас ұрпаққа берер өнегесі молаяды. Оларды көріп отырмыз және жастардың тәрбиесіне де пайдаланудамыз.
Келешекте де аудандық билер кеңесі аудандық сотпен және ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып өздеріне тиісті қызметтерін атқаратын болады.
Жамбыл ҚАЛЫБАЕВ,
Мойынқұм аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)