Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АРДАГЕР ДӘРІГЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

АРДАГЕР ДӘРІГЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

11 октябрь 2023, Среда
112
0
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес - қарт адамдарға 60-74 жастағылар, кәрілерге 75-89 жастағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар жатады екен.
Қарттық дегеніміз ағып жатқан дария,теңіз сияқты. Қазақ қариясын сыйлаған халық. Үлкендер халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, тіпті, айқын тарих. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген сөз осыдан қалса керек. Мүмкін осы себептен шығар, бүгінгі таңда қоғам өмірінде – ардагерлер ұйымы, ақсақалдар алқасы,ақылмандар кеңесі сияқты құрылымдар әр мекемеде, ауылдық округтерде жұмыс атқаруда. 
Қашанда қариялардың көкірегі өсиетке толы. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Халқымызда «Ата - қайратты болса, бала - ғибратты болады» деген сөз бар. Қарттарға қамқорлық – халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет.
Сондықтан да ақсақалдарды төрге шығарып бата сұраған.
«Алдында жүрші көзімнің,
Асылым алтын қазынам,
Ауыра қалсам өзіңнің.
Пейіліңмен-ақ жазылам»
, - деген өлең жолдарының мағынасы зор.
Мен осы ауруханада 1975 жылдан бері еңбектеніп келемін. Сол уақыттан бері 100-ге жуық дәрігер зейнетке шығыпты, солардың ішінде 47-сі бүгінде арамызда жоқ, марқұм болғандар, 26-сы бүгінгі күнге дейін бейнеттерінің зейнетін көріп, ұл – қыздарының, немерелерінің қызығын көруде, ал 25 - і әлі күнге дейін қатарымызда жұмыс атқаруда. Олардың біразы өзіміздің ұжымда еңбектенсе, қалғандары жеке медициналық орталықтар ашып, соларды басқаруда, қатардағы дәрігер болып жұмыс істеп жүргендері де бар. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасында ақылмандар кеңесі құрылып, облыс бойынша жоғары және орта буынды зейнетке шыққан медицина қызметкерлерінің тізімін дайындап жатыр. Біздің ауданда көзі тірі 50 дәрігер және 60 - қа жуық орта буынды медицина қызметкері бар. Зейнетке шыққан дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің денсаулықтары мен тұрмыстық жағдайлары жаман емес.
2022 жылы аурухана ақылмандар кеңесі ардагер - дәрігерлердің басын қосып, дұға дастарханын жайып, марқұм болған әріптестерімізге қүран бағыштадық. 
Халықаралық қарттар күніне орайластырып аудандық аурухананың басшылығы мен кәсіподақ ұйымы ұжымдағы ардагерлерге кішігірім дастарханын жайып, сый - сияпатын жасады, мерекелерімен құттықтады.

Бошқай САБЫРОВ.
Меркі аудандық орталық ауруханасы ақылмандар кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры