Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АҚСАҚАЛДАР БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ

АҚСАҚАЛДАР БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ

06 апрель 2023, Четверг
107
0
Құлан ауылы – аудан орталығы. Мұнда қазақтармен бірге ондаған этнос өкілдері ынтымақ-бірлікте өмір сүруде. Олардың бірлігінің бекем болуына ауылдың қазыналы қарттары өздерінің сүбелі үлестерін қосып жүр. Бұлардың қатарына кезінде әр түрлі басшылық қызметтерде болған, бүгінде өнегелі өсиет сөздерімен үлгі көрсетіп жүрген Райзо Шәділбеков, Бармақ Орынбаев, Санат Қырықбаев, Омар Нұрмашев, Тәліпбек Шақпаев, Тілеу Барлыбаев, Әбдіқадыр Оналбеков, Тоқабай Тастанбеков, Бейсембай Таңбаев, Рахманәлі Абдіқадіров, Үмбет Жанадилов және басқаларды жатқызуға болады. 
Ауылдық округте ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көріп отырған, әрқайсысының өмір жолы өзінше бір мектеп болатын қарияларымыздың жақсы тынығуына, өзара шүйіркелесіп, әңгімелесуіне, жастар арасында түрлі кездесулер өткізуіне барынша жағдай жасалған.
– 2018 жылы сол кездегі аудан әкімі Асқар Санатұлы Қырықбаевтың қолдауымен «Ардагерлер үйі» ғимараты салынған еді. Қазір бұл ғимарат қазыналы қарттарымыздың күнде бас қосатын құтты мекеніне айналған. Артында сондай ізгілікті із қалдырған Асқар бауырымызға ардагерлер алғысы шексіз. Жақсыдан шарапат деген осы болар, сірә, – деді Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Әліпбаев бізбен әңгімесінде.
Иә, десе дегендей. Еңсесі биік, бөлмелері кең ғимаратта дойбы, шахмат жарыстарын өткізуге толық мүмкіндік жасалған. Мұнда ардагер дәрігер Мұрат Наметқұлов үнемі қарттарға дәрігерлік қызмет көрстеді. Ол кісі қариялардың денсаулығын тұрақты бақылауға алып, қажет болған жағдайда денсаулығында кінараты барларды аудандық ауруханада емделуіне ықпал етеді. Есепте тұратын қариялардың тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алуын қадағалайды. Ауруханадағы ардагерлерге арналаған бөлменің жақсы жабдықталуын бақылауға алады. Бұған қоса ардагерлер үйінде билер кеңесі, әкелер, аналар кеңестері жұмыс істейді. Ғимаратта қариялар бас қосып, жиын өткізетін арнайы бөлме жабдықталған. Сондай-ақ, ұйым жұмысын көрсететін көрнекі үгіт талапқа сай безендірілген. 
Ауылдық округте барлығы 1812 зейнеткер тұрады. Оларға арнайы карта ашылып, толтырылған. Онда әрбір ардагердің отбасы құрамы, денсаулық жағдайы, тұрмыстық жай-күйі бағып-күтетін адамдардың бар-жоғы толық көрсетілген. 
Ауылдық округке қарасты барлық 90 көше 22-ге бөлініп, әр көше ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелеріне бекітіліп берілген. Олар өзіне тиесілі көшелердегі ардагер замандастарының жай-күйімен танысып, көмек қолы қажет болса кеңес жиынына шығарып, көпшілік болып көмек көрсету мәселелерін шешіп отырады. Ардагерлер ұйымы жұмысын ұйымдастырудың мұндай түрі істің нәтижелі болуына оң септігін тигізіп келеді. 
Ардагерлер ұйымында барлық зейнеткерлер назардан тыс қалмаған. Олардың даталы мерейтойлары кезінде ұйым тарапынан Алғыс хаттар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталып отырады.
Құлан ауылы – 20 мыңға жуық тұрғыны бар үлкен елді мекен. Ұлы Жібек жолының күретамырында жатқан ауылда жетістіктермен қатар шешімін күткен мәселелер де баршылық. Мұндай түйінді мәселелерді тарқату үшін ауыл әкімі Еркін Сейтжапаров әлі де аттан түспей келе жатқан, өмірлік тәжірибелері мол қариялармен үнемі ақылдасып отырады. Мұндай кезде  ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Әліпбаев бастаған ақылы кеніш, көргені көп қариялар істің оң шешімін табуына үлкен көмектерін тигізуде.

Тұрсынхан ЖАМАНБАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист.
Т.Рықұлов ауданы


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Билік және бастауыш ұйым
30 май 2022, Понедельник
Билік және бастауыш ұйым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры