Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАРАСАЗДА ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨП

ҚАРАСАЗДА ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨП

06 апрель 2023, Четверг
181
0
Қарасаз ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде 3,5 мың тұрғын бар. Бұл орайда округтегі ауылдық округ ардагерлер кеңесінің атқарып отырған жұмысы көңілге қонымды. Ауылдық округ ардагерлер кеңесін 13 жылдан бері Сағындық Тоқбергенов ақсақал абыройлы басқарып келеді.
Қоғамдық негізде дегеніңізбен ауылдық ардагерлер кеңесінің жұмысы – таусылмайтын бейнет. Оны түсінетіндер де, түсінбейтіндер де бар. Мәселен, мамандығы мұғалім, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған, кейіннен ұзақ жылдар бойы учаскелік полиция иснпекторы болған Сағындық Құралбайұлына да төрағалық міндет оңай соғып тұрған жоқ. Округте 360 зейнеткер бар десек, қариялардың мінездері алуан түрлі. Біреуі елдік істерге белсеніп, жас ұрпақтың келешегін ойлап, үлгілі істердің қасында жүреді. Ал кейбірі өзімнің айналам тыныш болса бітті дегендей, томаға тұйық қалып танытады. Оның барлығының пікірімен санасып, уәждеріне құлақ асып, бірлік жолына, қариялықтың қазыналы белестеріне бағыттап отыру – округ ардагерлер кеңесіне зор жауапкершілік жүктейді. 
– Округ аумағында көзі тірі майдангер аталарымыз қалмады. Дегенмен, олардың ұрпақтары және 14 тыл ардагері бар. Тыл ардагерлеріне үнемі қолдау көрсетіп, назарымызда ұстап келеміз. Одан бөлек, мәдениет үйлерінде, мектептерде өтетін алқалы жиындарға ардагерлер де қатысып, өздерінің ой-пікірлерін айтып, көпшілікті бірлік пен тату тірлікке шақырып отырады. Біздің округте елдің құрметіне бөленіп жүрген белсенді ақсақалдарымыз да баршылық. Олардың қатарына өмірлерін жас ұрпақтың білім беру жолына арнаған Рысбек Қазақбаев, Серғазы Алтаев ақсақалдарды қосуға болады. Ауылдық округ әкімі Жанар Нұрмұратқызы да үнемі қарттарға қолдау білдіріп, жұмысымызға оң қабақпен қарап келеді, – дейді 75 жастағы төраға, зейнеттегі полиция майоры Сағындық Құралбайұлы. 

Бұл ауылдың қарттары – қазыналы, өмірден түйгендері көп. Мәселен, Қарасаз ауылдық округінің әкімі қызметін 20 жыл бойы атқарған Нұртаза Омаров – ауыл халқының береке-бірлігінің басы-қасында жүрген азамат. Өмірден көргені көп мұндай кісінің ауыл жастарына берер тағылымы аз емес. Жуалы ауданының Құрметті ардагері  Нұртаза ақсақал ауылдың билер кеңесінің төрағасы ретінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр. Ауыл болған соң, бұзығы да, мінездісі де болады. Сондай  жастықтың тасқын күшімен «өртеніп» тұрған азаматтарды Нүрекең ақсақал өзінің сабырлы болмысы, тәжірибесі мен ақылына салып, ізгі жолға тәрбиелеп келеді. Ел ішіндегі кейбір түсініспеушіліктер құқық қорғау орындарына жетпей, ауыл билерінің алдында шешіліп жатады. Елдің елдігі деген осы.
Ауылдық округ қоғамдастығының төрағасы Ермахан Қойлыбаевта бір тыным жоқ. Ауылдық мәдениет үйінің жанынан «Асыл әжелер» және «Ардақты аталар» ансамблдері құрылған. Оның басы қасында Ермахан Әбубәкірұлы жүр. «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Айгүл Омарова Дина Сәлиева, Айымхан Сеңгірбаева, Ұлбала Бажатаева апаларымыздың басын қосып, өнерлерімен өнеге танытуда. Дауысы әуезге толы әжелер Қарасазда ғана емес, аудан көлемінде өтетін іс-шара, мерекелерде де әуелетіп ән салып жүр. Осылайша, апалар зейнетке шықтық, өзімізбен өзіміз жүрейік демей, көпшілікке өнер көрсетіп келеді. Округтің өнерлі аталарынан құрылған ансамблді Сағындық Тоқбергеновтың өзі басқарады. Ансамбль құрамындағы Есімхан Сеңгірбаев, Балтабай Жаманбаев, Алғабек Тоқболатов ақсақалдар – кезінде өнерімен ауылға тегіс танылған кісілер. Әлі де дауыстарының бояуы кеткен жоқ, жиын-тойдың сәніне айналып отыр. Қариялардың мұндай берекесіне неге қуанбасқа. Қарсаздың өнерпаз қарттары – өзге ауылға үлгі.
Жоғарыда біз атап өткен Рысбек Қазақбаев – нағыз тарихи адам. Жасы бұл күнде 84-ке келген ақсақалдың алдынан еліміздің Жоғарғы сотына төраға болған Бектас Бекназаров, танымал журналист, республикалық «Жас Алаш» газетінде жауапты қызмет атқарған Қасым Әзімхан сияқты белгілі азаматтар дәріс алған. 

арнайы «Ғұмыр –Дария» газеті  үшін
Есет ДОСАЛЫ,
журналист,
Жуалы ауданы


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ЖАҚСЫ ҚАРТАЯ БІЛГЕН ҚАРИЯ
01 август 2022, Понедельник
ЖАҚСЫ ҚАРТАЯ БІЛГЕН ҚАРИЯ
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры