Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Облыс ардагерлер ұйымдарында

Облыс ардагерлер ұйымдарында

28 июль 2022, Четверг
148
0

Алдыңғы толқын аға буынның ел болып ұйысуда, ел дамуы мен ұрпақ болашағының жарқын болуында сіңірген еңбектері мен атқарар қызметі қашанда маңызды. «Жақсы қартая білу де өнер» демекші, кезінде ел мен қоғам дамуына қомақты үлес қосып, жақсы қартайған азаматтар әлі де жас ұрпақтың тәрбиесі мен болашағына еңбек сіңіріп келеді. 
Қасиетті Жуалы ауданында Кеңес Одағы тұсында туып, сол кезеңде туған өлкеге қызмет еткен азаматтар аз емес. Еңбегімен еленіп, абырой мен беделге ие болып жүрген аға буын азаматтардың қатарында Бақалы ауылының қадірменді қариясы, ардагер ұстаз Болатбек Қайыпбекұлының да есімі құрметпен аталады.
Болатбек Қайыпбеков 1941 жылы Бақалы ауылында дүниеге келген. Әкеден ерте айырылған ол анасы Тындықыздың тәрбиесінде болған. Анасы қатардағы қарапайым колхозшы болған. Иә, сұрапыл соғыс жылдарында туған балалардың балалық балғын шағы да аса бір қызықты бола қойған жоқ. Сол жылдардағы тұрмыстың тауқыметі бір бөлек. Ал, оқып білім алудағы қиыншылықтар өз алдына. Болатбек те анасына қолғабыс ете жүріп, қиын жағдайда оқыды. Кейіннен Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп, оны да жақсы үлгеріммен бітірді. Дана Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген тағылымына сәйкес, кейіннен бірнеше ауыл мектебінде шәкірт тәрбиелеп, бала оқытты. Ұстаз Болатбек Қайыпбекұлы бірқатар жылдар аудан мектептерінде директорлық қызметті де атқарды. Абыройлы болды. Сөйтіп білім саласынан зейнет демалысына шықты.  
Ауылдағы ағайын-туыс арасындағы береке-бірлікті, ынтымақты арттыру аға буынға жүктелген міндет екені белгілі. 21 жыл Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы болып абыроймен қоғамдық қызмет атқарған Болатбек Қайыпбекұлы өңірде халықтың ынтымақ-бірлігінің артуына, округке қарасты елді-мекендерде, атап айтқанда, Көктөбе, Қосбөлтек, Теріс, Бақалы ауылдарында, екі бірдей имандылық үйі – мешіт бой көтеруіне атсалысты. Оның бірі – Теріс және Бақалы ауылдарына ортақ еңселі мешіт жақында ғана жамағаттың игілігіне пайдалануға берілді. Бұл игілікті істер, әрине, жергілікті тұрғындардың имандылыққа бет бұруына ұйытқы болары түсінікті. 
2001 жылдан бастап Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін мүлтіксіз атқарып, ел құрметіне бөленген Б.Қайыпбекұлы өз кезегінде Жуалы ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының Құрметті ардагері атақтарына ие болды.
20 жылдан аса ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Болатбек Қайыпбеков жақында ден-саулығына байланысты Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен өз өтінішімен кететінін жеткізген болатын. Осыған байланысты ауылдық округ ардагерлерінің жиыны өтіп, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қайыпбекұлын ауылдастары құрметпен шығарып салды. 
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев сөз сөйлеп, бастауыш ұйым жұмысының жандануына, ауылдың береке-бірлігіне ұзақ жыл елеулі еңбек сіңірген қадірлі қария Болатбек Қайыпбековтің өнегелі өмір жолына тоқталды. Ауданның білім саласының дамуына, сонымен қатар, қоғамдық қызметтегі еңбектерін атап өтіп, аудан көлемінде өзіндік орны бар ардагер қарияның қандай құрметке де лайықты азамат екенін атап өтті.
Көкбастау ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар басқарған Болатбек Қайыпбекұлының өзі де сөз алып, осында жергілікті тұрғындармен тіл табысып атқарған қызметтерімен қоса, өмірден көрген-түйген, сезінген жақсы ой-тұжырымдарын да ортаға салды. Сонымен қатар, ата-бабалардың сан ғасырлық салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жастарды еңбексүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, бұл жұмыстарды ары қарай да жалғастыра берудің қажеттілігін айтты.
 Бауыржан Момышұлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Кемелбек Дәуренов Болатбек Қайыпбекұлына жақсы тілегін білдірсе, одан бөлек, Теріс және Қосбөлтек, Көктөбе ауылдарынан Жексенбай Мүсірепбеков, Ербол Помашев, Жапар Қасаболатов сөз сөйлеп, ардагер, қазыналы қария, ауыл-аймақтың ағасы Б.Қайыпбекұлына ізгі тілектерін арнады. Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл азаматтары Б.Қайыпбекұлына қазақы дәстүрмен шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағалығына екі кандидат, атап айтқанда, Теріс ауылынан Аташбек Әмірқұл, Көктөбе ауылынан Жапар Қасаболатов ұсынылды. Ардагерлер кеңесі мүшелерінің дауыс беруінің нәтижесінде, басым дауыспен төрағалыққа Аташбек Әмірқұл сайланды. 
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев өз сөзінде басым дауыспен ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайланған Аташбек Әмірқұлды құттықтап, жұмысына табыс тілей келе, ендігі кезекте өңір тұрғындарымен тіл табысып, ауылдық округ әкімімен бірлесе, қоян-қолтық жұмыс жасау қажеттігін еске салды.

Нұржан МАНАС, 
журналист,
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Жағымды жаңалық
29 апрель 2022, Пятница
Жағымды жаңалық
Біздің белсенділер
29 апрель 2022, Пятница
Біздің белсенділер
Туған жерге туыңды тік
10 ноябрь 2021, Среда
Туған жерге туыңды тік
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
Өнердің өз адамы
28 май 2021, Пятница
Өнердің өз адамы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры