Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАҢА ӘКІМ ҚАРИЯЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖАҢА ӘКІМ ҚАРИЯЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

14 июль 2022, Четверг
118
0



Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, Т.Рысұқұлов ауданына әкім болып Ернар Есіркепов тағайындалған болатын. Жақында ауданның жаңа әкімі аймақтың қадірменді қарияларымен кездесіп, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, ұсыныс-тілектеріне құлақ қойып, баталарын алды. 
Аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүше-лерімен, ауылдық округтер ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен болған кездесу өзара сенім және ашықтық жағдайында өтті. Осы жиында алғаш болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов аудан ардагерлеріұйымының қызметімен таныстыра келіп, аға ұрпақ өкілдерінің елдің бірлік-берекесіне жасап жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, ақылман ақсақал Санат Қырықбаев жаңа тағайындалған әкім Ернар Есіркеповке ізгі тілектерін арнап, батасын берді. 
Жиында сөз сөйлеген Жақсылық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Тұрмағамбетов ауылдың кейбір проблемаларына тоқталды.
– Аулымызда 350-дей үй бар, екі мыңдай халық тұрады. Аулымызда мектептен басқа елдің бір мезгіл бас қосып, мәдени-көпшілік шаралар өткізетін ғимарат жоқ.  Халықтың "клуб салынса, жолымыз жөнделсе " деген тілектер бар. 
Пошта бөлімшесі бір бөлмеде сыймай алмай отыр. Жаңа басшымыз осы мәселелерге назар аударса дейміз, – деп түйді өз сөзін ардагерлер ұйымының төрағасы. 
Келесі кезекте сөз алған Қызылшаруа ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Орын Дәуренов: 
– Бұрын ауданымызда 16 ауылдық округ болған еді. Экономикалық-әлеуметтік себептерге байланысты қазір ауданымызда 15 округ бар. Қызылшаруа ауылының тұрғындары аудан әкіміне осы елді мекеннің негізінде жаңадан округ құрудың мүмкіндігін қарастыруды сұрайды. Біздің ойымызша мұндай құрылымдық өзгерістер жасауға ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті сай келеді ғой деп ойлаймыз, – деді. 
Ардагерлермен кең-мол отырып әңгімелескен аудан әкімі Ернар Есіркепов сөз сөйлеп, өзінің алдағы қызметінде ардагерлер ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болатындығын жеткізді. Ақсақалдардың талап-тілегін қойын дәптеріне түртіп алған әкім мырза ел үлкендеріне құнды ұсыныс-пікірлері үшін өз ризашылығын білдірді. 
Кейінірек аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданның зиялы қауым өкілдерімен де кездесу өткізіп, олардың да ұсыныстарына және сын-ескертпелеріне назар аударды
 
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – ақпарат.


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры